Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » «САМҰРЫҚ-ҚАЗЫНА» ҰӘҚ ЖАРТЫ ЖЫЛДА 10 МЛРД ТЕҢГЕДЕН АСТАМ ҚАРЖЫ ҮНЕМДЕДІ

«САМҰРЫҚ-ҚАЗЫНА» ҰӘҚ ЖАРТЫ ЖЫЛДА 10 МЛРД ТЕҢГЕДЕН АСТАМ ҚАРЖЫ ҮНЕМДЕДІ


«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорының сатып алулар жүйесіндегі жаңа қағидалары қоржындық компаниялардың жыл басынан бері 10,8 млрд. теңге үнемдеуіне негіз болды.
Қазіргі уақытта Қордың сатып алулар қызметінде 72 стратегияны қамтитын «Сатып алуларды санаттық басқару» бағыты іске асырылуда. Әр стратегия сатып алуларды басқарудың ережелері көрсетілген жеке құжат болып табылады. Бұл бағыт бойынша тауарды сатып алуға жұмсалатын шығындар, оны сақтау, тасымалдау, қызмет көрсету мен жөндеу жұмыстары, сондай-ақ тауарды қайта өңдеу бойынша сұрақтар міндетті түрде қарастырылады.
Жоғарыда аталған 72 стратегияның 60-ы бекітіліп, жүзеге асырылуда, ал қалған 12-сіәзірлену үстінде. «Сатып алуларды санаттық басқару» жүесін толығымен енгізу - 45 млрд. теңгеге дейін үнемдеуге мүмкіндік береді.
Айта кетейік, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ Басқарма төрағасы Ахметжан Есімовтің тапсырмасымен холдингте сатып алулардың ашықтығын қамтамасыз ету мен әлеуетті өнім берушілердің арасында бәсекелестікті ұлғайту арқылы қаражатты тиімді басқаруға бағытталған жүйелі өзгерістер кезең-кезеңімен енгізілуде.
Естеріңізге сала кетейік, ағымдағы жылдың басында холдингішілік кооперация аясында ғана сатып алу мүмкін тауарлар, жұмыстар мен қызметтер тізімі 4500-ден 2500-ге дейін қысқарған болатын. Осының арқасынада, шағын және орта бизнес өкілдері үшін сатып алулар тізімдемесі 4 мың позицияға дейін ұлғайды.
Бұл шаралар өнім берушілердің арасында бәсекелестікті дамытып, сатып алуларды барынша ашық әрі тиімді өткізуге жағдай жасайды.

Тақырып бойынша 28.02.2018 ж. шыққан материалға сілтеме:

«Самұрық-Қазына» АҚ
Қоғаммен байланыс және
маркетингтік коммуникациялар департаменті
01 тамыз 2018 ж. 634 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области