Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » АГРАРЛЫҚ САЛА АДЫМЫ

АГРАРЛЫҚ САЛА АДЫМЫ


Қызылорда облысы – ауылшаруашылығы өнімдерін өндірумен айналысуға мүмкіндігі мол аграрлық өңір. Аймақтың аграрлық секторы дамудың жақсы қарқынын көрсетіп отыр десек те болады.
Соңғы жылдары (2013-2017 жж.) облыстың жалпыөңірлік өнім құрылымында ауыл шаруашылығының үлесі 2,5%-тен 3,7%-ке дейін артты. Бұл өңір экономикасы құрылымында сапалы өзгерістер бар екендігін көрсетеді.
Осы жылдар ішінде ауыл шаруашылығының негізгі капиталына салынған инвестиция көлемі 23 есе, тамақ өнімдерін өндіру 5 есе артты. Тек биылғы жылдың өзінде ауыл шаруашылығының негізгі капиталына салынған инвестиция көлемі 85%-ке, ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру көлемі 2,7%-ке, азық-түлік өнімдерін өндіру көлемі 15%-ке артса, ауыл шаруашылығы өнімдері экспорты көлемі өнімнің заттай көрінісінде 7,3%-ке ал, қаржы эквивалентімен 66%-ке өсті.
Егін шаруашылығын әртараптандыру бағдарламасы табысты жүзеге асып келеді. Соңғы 5 жылда мал азығы дақылдары мен майлы дақылдар алқабының көлемі 18 мың гектарға (2014 жылмен салыстырғанда 2018 жылы) артты.
Өнеркәсіптік бағытта облыс картоп, көкөніс және бақша өнімдерін өндіруді дамыта бастады.
Биылғы жылы Қызылорда қаласында испан технологиясы бойынша жұмыс істейтін автоматтандырылған алғашқы жылыжай кешені салынады. Бұдан қоса, Шиелі ауданында тағы да 20 жылыжай салу жоспарланып отыр.
Бұл маусымаралық кезеңде халықты жаңа өніммен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Жаңақорған ауданында түрік инвесторларының қатысуымен қызанақ өсіретін ірі жобаны жүзеге асыру жоспарланған. Қазір қызанақтың Түркия елінен әкелінген сорттарына сынақ жүріп жатыр.
03 тамыз 2018 ж. 713 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области