Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » ЕГІН АЛҚАПТАРЫН АРАЛАДЫ

ЕГІН АЛҚАПТАРЫН АРАЛАДЫ

Су – тіршілік нәрі. Оның егілген дақылдардың пісу дәуіріне дейін жеткілікті болғаны абзал. Алайда, Сырдария өзеніндегі су деңгейінің төмендеуіне байланысты аймағымызда биыл жазғы маусымда аяқсу тапшылығы орын алып отыр. Бұл жерден ырзығын терген диқандар қауымына біршама қиындық келтіруде.
Осы мәселеге байланысты Қазалы аудан әкімі М.Ергешбаев сала басшыларымен және су шаруашылығы мамандарымен бірге Басықара ауылындағы Ә.Тыныбаев атындағы су торабында болды.
Стратегиялық нысанның тыныс-тіршілігімен танысып, жоғарыдан келген судың босатылу жағдайымен танысты. Бұдан әрі шаруашылықтардағы күріштік алқапты аралап, егінжайдың жай-күйіне қанықты.
Қазалы ауданы бойынша 2018 жылы ауыл шаруашылығы дақылдары барлығы 17 790 гектар жерді қамтыған. Оның ішінде күріш – 6800 гектар, дәнді дақылдар – 7477 гектар, мал азықтық дақылдары – 7422 гектар жерге себілген. Ал, картоп, көкөніс, бақша – 2250 гектар, майлы дақылдар – 641 гектар жерге егілген.
Аталған ауыл шаруашылығы дақылдарын судан қалдырмау – жауапты міндет.
Егіншілермен жүздескен аудан басшысы алдағы уақытта да тиісті сала мамандарымен ақылдаса отырып, өсірілген егісті су тапшылығынан аман алып қалуға байланысты бірлескен жұмыстар қатаң бақылауда ұстала беретінін жеткізді.




07 тамыз 2018 ж. 715 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области