Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » АБАЙ ТҰТЫНҒАН ШКАФ СЫР ӨҢІРІНЕ ҚАЛАЙ КЕЛДІ?

АБАЙ ТҰТЫНҒАН ШКАФ СЫР ӨҢІРІНЕ ҚАЛАЙ КЕЛДІ?


Қызылорда облысы Сырдария аудандық тарихи-өлкетану музейінде қазақ халқының ардақ тұтар тұлғасы – ақын Абай Құнанбаев тұтынған шкаф құнды жәдігер ретінде жоғары бағаланады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Құнды жәдігер Сыр өңіріне қалай жетті? Алдымен осы жөнінде әңгімелей кетелік. Шкафты музейге аталған аудан орталығы – Тереңөзек кентіне жақын орын тепкен А.Тоқмағанбетов ауылының тұрғыны Ахметбек Іскендіров табыс еткен екен. Бағалы жәдігер алғашқыда Құнанбайдың туысы Тұрған есімді кісіге берілген. Ол өзінің ауылына төркіндеп барғанда оған қазақтың ойшыл ақыны Абай естелік ретінде аталмыш шкафты тарту етеді.
«Одан кейінгі кезеңде ол кісі қыз босанып, оған Абайдың әжесі Зеренің есімін қояды. Зере бой жетіп, беріде Сыр өңіріне келін болып түседі. Келін болып түскенде оған жасау ретінде осы шкаф та өзімен бірге келеді», - дейді аудандық өлкетану музейінің мамандары.
Ахметбек Іскендіровтің айтуынша, Зере оған нағашы әже болып келеді. Яғни, анасының шешесі екен. Көненің көзіндей дүние осылайша Ахметбек Іскендіровтің отбасына тиеді. Қаншама жылдар бойы көзінің қарашығындай сақтап келген дүниені ол кісі беріде аудандық өлкетану музейіне табыс етіп, халықтың қызыға тамашалайтын құнды жәдігерінің біріне айналды.
Ертең 10 тамызда Абай Құнанбаевтың өмірге келгеніне 173 жыл толады. Атаулы күнде музей мамандары арнайы іс-шаралар өткізуді дәстүрге айналдырған.
09 тамыз 2018 ж. 743 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области