Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » ЕЛ ИГІЛІГІНЕ АЙНАЛҒАН ИНВЕСТИЦИЯ

ЕЛ ИГІЛІГІНЕ АЙНАЛҒАН ИНВЕСТИЦИЯ


ҚР Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің бастамасымен «Қазсушар» РМК-ның Қызылорда филиалы бойынша күрделі жөндеуден өткен нысандарға баспасөз туры өтті.
Соңғы жылдары инвестициялық бағдарламалардың іске асырылу нәтижесінде тежеліп қалған жұмыстарға қайта жан бітті. Тіпті, ауыл шаруашылығын дамыту, елді мекендерді аяқ сумен қамтамасыз ету бағытында да осы бағдарлама жұмыс жасап келеді. Мұның барлығы ел игілігі үшін атқарылып жатқан жұмыстардың жарқын көрінісі десек те артық айтқандық емес.
– Инвестициялық бағдарлама мақсаты су шаруашылық нысандарының негізгі қорларын жаңарту және су өткізгіштік қабілетін жақсарта отырып, суды үнемді әрі тиімді пайдалану болып табылады. Кәсіпорынның активтерін жаңалау, қайта жаңғырту және күрделі жөндеу өткізу мақсатында, ҚР Ауыл шаруашылық министрлігі Су ресурстары комитетінің және ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің бірлескен бұйрығымен «Қазсушар» РМК-ның Қызылорда филиалына 2015-2019 жылдарға инвестициялық бағдарламасы кәсіпорынның өз қаражаты есебінен барлық соммасы 217973,6 мың теңге, оның ішінде 2017 жылға 43594,5 мың теңге бекітілді. Жалпы, инвестициялық жобалар аясында атқарылған жұмыстар көңіл қуантарлық. Бұл игілікті бастама кезең-кезеңімен өз жалғасын табады, – дейді Жалағаш ауданы, Есет батыр ауылының әкімі Н.Опабеков.
Айта кетейік, 2017 жылға инвестициялық бағдарламамен 43594,5 мың теңгеге күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарлары инвестициялық жоба бойынша аталған аудандағы «СЖМК-17А» каналына күрделі жөндеу жұмыстар атқарылды. Әсіресе ауыл тұрғындары каналға механикалық тазарту жұмыстары тиянақты орындалғанына дән риза.
Бұл жөніңде жауапты мамандар «Бекеттерін габионды қой тастармен қалап, бекіту және каналдың 2-ші бекетіндегі су өлшеу бекетін жөндеу жұмыстары орындалған. Осы бағдарлама орындалғаннан кейін су шығыны азайып, каналдың су өткізгіштік қабілеті көбейді. Елді мекенді аяқ сумен қамтамасыз етіп, көлдерді суға толтыру арқылы экологиялық ахуалды жақсарту, егістік жерлерге уақыттылы әрі толық көлемде су жеткізіп беру мәселелері шешілді.
Осының нәтижесінде каналдың пайдалы әсер коэффиценті 82,9-дан 83,8 пайызға ұлғайып, өндрістік көрсеткіштер 3,6 пайызға жақсарған. Сонымен бірге, негізгі қорлардың тозуы 1,8 пайызға төмендеп, инвестиция тарту жұмыстары өз нәтижесін беріп отыр. Инвестициялық жоба елге қызмет ете беретін болады. Ең бастысы аталған каналдың тазарлыту нәтижесінде ауыл дихандары судан тапшылық көрген жоқ.
Бітік күріш өсірген жалағаштық дихандар биыл мол өнім алып, жылды табысты қорытындылауды жоспарлап отыр.
13 тамыз 2018 ж. 627 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области