Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ ДЕМОГРАФИЯЛЫҚ АХУАЛЫ

ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ ДЕМОГРАФИЯЛЫҚ АХУАЛЫ


2018 жылғы 1 шілдесіне еліміздегі халық саны 788,7 мың адамды құрады, соның ішінде қалалықтар – 349,1 мың (44,3%), ауылдықтар – 439,6 мың адамды (55,7%) құрады. 2017 жылғы 1 шілдесімен салыстырғанда халық саны 11,0 мың адамға немесе 1,4% өсті.
АХАТ органдары ұсынған азаматтық хал актілері жазбаларындағы мәліметтерді өңдеу нәтижесінде 2018 жылғы қаңтар-маусымында туылғандар саны 9281 адамды құрады, бұл 2017 жылғы қаңтар-маусымына қарағанда 0,9% көп. Туудың жалпы коэффициенті 1000 адамға 23,73 туылғандарды құрады.
2018 жылғы қаңтар-маусымындағы облыс халқының табиғи өсімі 2017 жылғы қаңтар-маусымымен салыстырғанда 243 адамға немесе 3,5% артты, 7209 адамды құрады. Табиғи өсімнің жалпы коэффициенті 1000 адамға шаққанда 18,43 адамды құрады.
Қарастырылып отырған кезеңде қайтыс болғандар саны 2072 адамды құрады, бұл 2017 жылғы қаңтар-маусымына қарағанда 7,1% аз. Өлім-жітімнің жалпы коэффициенті 1000 адамға 5,30 қайтыс болғандарды құрады. 2018 жылғы қаңтар-маусымында облыста 1 жасқа дейінгі 74 нәресте өлімі тіркелді. 2017 жылғы қаңтар-маусымымен салыстырғанда 1 жасқа дейінгі шетінеген нәресте саны 6,3% азайды. Нәресте өлім-жітімінің коэффициеті 1000 туғандарға шаққанда 7,97% құрады.
Алдын-ала алынған деректер бойынша 2018 жылғы қаңтар-маусымындағы көші-қон алмасуы нәтижесінде Қызылорда облысынан 17941 адам кетіп, облысқа 16349 адам келді. 2017 жылдың қаңтар-маусымымен салыстырғанда облысқа келгендер саны 4,1% көбейген, ал облыстан кеткендер саны 1,0% азайған.
Алыс және жақын шет елдерге 20 адам (2017 жылғы қаңтар-маусымында - 9 адам), республиканың басқа облыстарынан 4046 адам келсе, өткен жылдың сәйкес кезеңінде 4509 адам келген болатын.
Облыстан 5631 адам немесе жалпы көлемнің 31,4% көшуі көбінесе республиканың басқа облыстарына кетуге байланысты болды (2017 жылғы қаңтар-маусымында тиісінше 6875 адам немесе 38,0% кеткен болатын).
Алыс және жақын шет елдерге 27 адам, ал 2017 жылдың қаңтар-маусымында 22 адам көшті. Сыртқы және ішкі көші-қон нәтижесінде 2018 жылдың қаңтар-маусымында 1592 адамға, 2017 жылғы қаңтар-маусымында 2379 адамға кему қалыптасқан.
Облыстың 12283 тұрғыны Қызылорда аумағында тұрғылықты орнын ауыстырды (2017 жылғы қаңтар-маусымында 11181 адам).

Қызылорда облысының Статистика департаменті
14 тамыз 2018 ж. 709 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области