Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » ШАРУАСЫН ДӨҢГЕЛЕТКЕН КӘСІПКЕР

ШАРУАСЫН ДӨҢГЕЛЕТКЕН КӘСІПКЕР


Елбасы биылғы Жолдауында жергілікті жерлерде шағын және орта кәсіпкерлікті дамытып, тұрғындарды жұмыспен қамтуға баса назар аударуға пәрмен берген болатын. Осы тұста, биыл Сыр өңірінде «Жаппай кәсіпкерлікті қолдау жылы» деп жарияланғаны белгілі. Бұл өз кезегінде ынталы кәсіпкерлердің аяққа нық тұруы үшін үлкен мүмкіндік. Тек әрбір тұрғын кәсіптің тетігін тауып, ерінбей еңбек етуге әрекет жасаса болғаны. Бұл бағытта «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ Қызылорда облыстық филиалы аймақ тұрғындармен тығыз қарым-қатынас орнатып, кәсіптерінің бастау алуына ұйытқы болуда. Соның бір айғағы, «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасының» ІІ-бағыты бойынша жаңақорғандық Жанат Бибасарова 3000,0 млн. теңге несие алды. Бүгінде қолдау қоры арқылы кәсібін дөңгелеткен кәсіпкер қолына тиген қаржыға 9 бас ет бағытындағы жылқы алып, бордақылаумен айналысуда.
– Қазіргі таңда кәсіп жасаймын деген ынталы адамға жұмыс табылады. Өзімде атакәсіпті арқау етіп, мемлекет қамқорлығын сезінбек ниетте «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ Қызылорда облыстық филиалы арқылы «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы» аясында қомақты несиеге қол жеткіздім. Аталмыш қолдау орталықтың несие менеджері Үкібай Науановқа алғыс айтамын. Құжат рәсімдеу жағынан көп көмегін тигізіп, құқықтық кеңесін берді. Бүгінде қарамағымда бір адамды жұмыспен қамтып отырмын. Жалпы мал бордақылау кәсібі ауылдағы ағайынға таптырмас тірлік. Әрі үйреншікті жұмысы. Бұқараның жанынан табылған мемлекет қолдауына біз қашанда ризамыз – дейді, дара кәсіпкер Жанат Бибасарова.
Айта кету керек, жыл басынан бері аудандық жұмыспен қамту орталығы арқылы қаржылай қолдау қорынан 60 адам 165,7 млн. теңге несие алып, кәсібін өркендетіп отыр.
Расында шағын және орта бизнесті дамытуға мемлекет айрықша басымдық беруде. Нәтижесінде, ауыл-аймақта кәсіпкерлік кең қанат жайып, бизнеске ынталы азаматтардың қатары күн санап артуда. Бұл өз кезегінде аудан экономикасының өркендеуіне өзіндік үлесін қосады. Әсіресе, «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ Қызылорда облыстық филиалы сынды қолдау қорының демеуіне ел риза. Әрі жыл сайынғы Жолдау жүгі – тұрғындарды ерінбей еңбек етіп, бәсекеге қабілетті кәсіп бастауға үндеу.
Түйіндей айтқанда, мақалаға арқау болған шаруа Жанат Әлайдарқызыәзірге ішкі нарықты игеріп, мал бордақылау кәсібіне әбден маманданып алғанша ауыл-аймақ пен аудан орталығын ет өнімдерімен қамтамасыз етуді жоспарға қойған. Соңыра, кәсібін кеңейтіп, көрші облыстарға ет экспорттау жоспары бар. Бұл үшін тек, маңдай терді төгіп, адал еңбек ету керектігін жаңақорғандық шаруа естен шығарған емес. Керісінше, «мал баққанға бітеді» деген аталы сөзді өмірлік ұстанымға айналдырып, қарекетін жасауда.
Ә.ӘБДІШ.
14 тамыз 2018 ж. 672 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области