Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » ҚОС МУЗЕЙ ҚЫЗЫҚҚА КЕНЕЛТТІ

ҚОС МУЗЕЙ ҚЫЗЫҚҚА КЕНЕЛТТІ


Қасиетті Қазалы топырағы тарихының тым тереңде жатқаны көпшілікке мәлім. Оларды жас ұрпаққа үлгі етіп, туған жердің асыл мұраларымен таныстыру мақсатында түрлі жұмыстар жасалып келеді. Десе де, жуырда оқушылардың жазғы демалыс уақытын тиімді өткізу мақсатында Қазалы ауданының экономика және бюджетті жоспарлау және аудандық ішкі саясат бөлімінің ұйымдастыруымен «Тарихи және қасиетті жерлерге туристік сапарлар ұйымдастыру» жобасы қолға алынды. Балғын шәкірттердің алғашқы саяхаты Қазалы қаласындағы Ғ.Мұратбаевтың мемориалдық музейі, Әйтеке би кентіндегі аудандық тарихи-өлкетану мұражайының құнды жәдігерлерімен танысудан басталды.
Өлке тарихына үңіліп, түрлі асыл мұралар мен музейлердегі байырғы заттардың тарихымен, қатпарлы шежіресімен танысқан олардың керемет әсерге бөленгенін айтпай кетпеуге болмас.
Ұлағатты істің басы-қасында жүрген «Қазалы ынтымағы» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Сәнімкүл Күлікбаевадан оқушылардың өлке тарихына деген қызығушылығы жөнінде сұраған болатынбыз.
– Туған жердің әр пұшпағы киелі. Оның ішінде, Тұран ойпатында орналасқан Қазалы ауданының тарихы сонау ерте ғасырлардан сыр шертіп тұрады. Тағылымды тарихқа өте бай. Қазалы өңірінде 6 республикалық, 53 жергілікті маңызы бар және 34 алдын ала есепке алынған тарихи-мәдени ескерткіш бар.
Олардың қатарына Жанкент қалашығы, Жанқожа батыр кесенесі, Ғанибай мешіті, Ғанибай үйі, Ғ.Мұратбаевтың мемориалдық музейі, Сараман Қоса мұнарасы, Ақтан батыр кесенесі, Мірәлім (Нұралы) мешіті, Әйтеке би ескерткіші, Мүсірәлі кесенесі, тағы басқалары жатады.
Осындай тарихи орындарға туристік сапарлар ұйымдастыру өз кезегінде ауданда туризмді дамытып, өскелең ұрпақтың бойына үлкен білімдарлықты қалыптастырып, отансүйгіштік қасиетті дарытатыны сөзсіз. Келесі сапарымыз Қармақшы ауданындағы Қорқыт ата кешенінде жалғасады. Сапар барысында қатысушыларға театр әртістері “Қорқыт аңызы” сахналық қойылымын көрсетеді. Сонымен қатар, кешен мейрамханасында түскі ас беріледі, – деген жоспарын жеткізді.
Иә, тұтас бір ұлтты сүю өзіңнің туған топырағыңды, өскен жеріңді қадірлеуден басталатыны рас. Міне, осындай ұлағатты іс жасап жатқан ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл шара қазан айының соңына дейін 10 мәрте өткізіледі екен.
14 тамыз 2018 ж. 759 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области