Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » ТЕГІН БІЛІМ АЛУҒА МҮМКІНДІК БАР

ТЕГІН БІЛІМ АЛУҒА МҮМКІНДІК БАР


«Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы кәсіпкерлікті дамыту, жұмыссыздық, әлеуметтік мәселені шешуді ғана емес, сонымен бірге техникалық және кәсіптік біліммен, қысқа мерзімді кәсіптік оқытумен қамтамасыз етуді де көздейді.
Осы орайда алдағы қыркүйек айынан бастап Ұлттық бірыңғай тестілеуді тапсыра алмаған және оқу орындарына түспеген мектеп түлектерін тегін ұзақ мерзімді кәсіптік және техникалық оқыту жоспарланып отыр.
Мысалы, Жалағаш ауданынан биыл оқуға ниет білдірген 20 азаматты «Ауыл шаруашылық өндірісіндегі «тракторшы-машинист» мамандығы бойынша оқыту жоспарда бар. Түлектерге стипендия, жол ақысы және бір реттік ыстық тамақ беріледі.
Ал жұмысшы кадрларды еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтар бойынша қысқа мерзімді кәсіптік оқыту бойынша бюджеттен 26,4 млн теңге қаралыпты.
Бұл қаржыға 100 адамды қысқа мерзімді оқуға жіберу жоспарланды. Есепті мерзімге «аспазшы», «электромонтер» және «тракторист-машинист» мамандығы бойынша барлығы 47 адам жолданып, оған 2,3 млн теңге қаржы төленген.
14 тамыз 2018 ж. 706 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области