Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » ӘДЕП ЖӨНІНДЕГІ КЕҢЕС АРАЛ АУДАНЫНДА ӨТТІ

ӘДЕП ЖӨНІНДЕГІ КЕҢЕС АРАЛ АУДАНЫНДА ӨТТІ


Қызылорда облысындағы Әдеп жөніндегі кеңестің кезекті көшпелі отырысы Арал ауданында өткізілді. Осы кезге дейін тек қана облыс орталығында өткізілетін Кеңес отырысын көшпелі түрде өткізу биылғы жылдан бастап тәжірибеге енгізіліп отыр.
- «Кеңес отырыстарын көшпелі өткізудегібасты мақсат - сыбайлас жемқорлық сипатындағы қылмыстар көп орын алған аудандарда аудан активімен бірге талқылап, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бағытында ұсыныстар қабылдау болып табылады. Алғашқы көшпелі отырыс маусым айында Шиелі ауданында өткізілген болатын», - деді Қызылорда облысындағы Әдеп жөніндегі кеңес хатшылығының меңгерушісі Берікбол Байхожаев.
Ал, бұл жолы Кеңестің көшпелі отырысының Арал ауданында өткізілуінің себебі, 2018 жылдың 6 айында Арал ауданында сыбайлас жемқорлық сипатындағы 9 қылмыс орын алып, өткен жылдың 6 айымен салыстырғанда 4,5 есеге көбейген. 2017 жылдың 6 айында сыбайлас жемқорлық сипатындағы 2 қылмыс тіркелген болатын. Қызылорда облысының аудандары арасында ең көп сыбайлас жемқорлық сипатындағы қылмыстар тіркелген Арал ауданы болып отыр.
Орын алған 9 қылмыстың басым бөлігі парақорлық, оның ішінде 7-і пара алу, 1-уі пара беру фактісі болса, 1-уі қызметтік жалғандық жасау.
Әдеп жөніндегі кеңес мәселені жан-жақты қарап, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл заңнамалары бұзушылықтарын алдын алу бағытындағы профилактикалық шараларды тиісті деңгейде жүргізбей, ведомстволық бақылауды төмендеткені үшін аудан әкімініңжауапты орынбасарының тәртіптік мәселесін шешуді ұсынды.

ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас
жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің
Қызылорда облысындағы Әдеп жөніндегі
кеңесінің хатшылығы
17 тамыз 2018 ж. 544 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области