Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » ҚАТЫНТАМ КЕСЕНЕСІ (ҚЫЗ ТАМЫ)

ҚАТЫНТАМ КЕСЕНЕСІ (ҚЫЗ ТАМЫ)

Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласының бір бөлігі туған жердің ұлттық құндылықтарын қадірлеуге арналған. Соның бірі – еліміздің киелі де, қасиетті орындарын құрметтеу. Олардың тарихы мен тағылымын бүгінгі жас ұрпақтың бойына сіңіру. Осы орайда, Жалағаш ауданының түкпір-түкпіріндегі археологиялық ескерткіштер мен киелі әрі шежірелі жерлердің шығу себебін білу біздің перзенттік борышымыз. Солардың бірі – Қатынтам кесенесі.
Қатынтам кесенесі Жалағаш ауданының ең шалғай ауылы саналатын Аққыр ауылының солтүстік - шығысында 12 шақырым жерде, Жаңадарияның оң жақ жағалауында орналасқан архитектуралық ескерткіштердің бірі.
Аңыз бойынша, Шөмекей тайпасының Сарыбай аталығының бір қызын ұзатылып кетіп бара жатқанында жылан шағып өлтіреді. Бауырлары қызды жасауымен бірге сол қайтыс болған жеріне арулап көміп, бір жылдан кейін басына аталған кесенені тұрғызады. Содан кесене Қатын тамы атанған. Кесененің тағы бір атауы – Қыз тамы.
Кесене көлемі 8х24х44 см. болатын қам кесектерден қаланған порталды- күмбезді құрылыс. Кесененің ішкі-сыртқы беті қалың етіп сабан сылақпен сыланған.
Жалпы формасы квадраттық көлемге жақын: 6,6 х 8 метр. Жебе тәрізді етіп қаланған қуыстың ішінде орналасқан кесене есігі бар портал (пештак) оңтүстік жаққа қаратып салынған. Кесене полусфералық пішінді, цилиндр тәрізді барабанның үстіндегі күмбезбен жабылған.
Күмбездің төбесі мен шығыс жақ бетінде ішкі жарық түсу үшін арнайы тесіктер қалдырылған. Заманында кесененің төрт бұрышына жалпы формасы домалақ болып келетін төрт бағана (гульдаста) тұрғызылған болуы керек. Кесененің ішінде сабан сылақпен сыланған бір қабір жатыр.
Құрылыс көлемі: шамамен 316,8 куб. м.
Казіргі уақытта кесененің төрт бағанасы да мүжіліп, құлап қалған. Қабырғаларының бұрыштарында терең жарықтың іздері бар. Кейбір жерлерінің сылағы опырылып түсіп қалған. Қас бетінде, күмбездің ішкі бетіне жарық түсу үшін қалдырылған тесіктен кесененің табанына дейінгі жер шатынап, жарылған. Күмбездің сыртқы сылағы жауын-шашынның әсерінен төмен қарай ағып түскен.

02 қыркүйек 2018 ж. 1 224 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области