Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » МӘМС: ЖАРНА МЕН АУДАРЫМ ЖӨНІНЕН ҮШ АУДАН АЛҒА ШЫҚТЫ

МӘМС: ЖАРНА МЕН АУДАРЫМ ЖӨНІНЕН ҮШ АУДАН АЛҒА ШЫҚТЫ


Халықтың өзін-өзі жұмыспен қамтыған және жұмыссыз бөлігін заңдастыру міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі түйткілді шешуге көмектеседі. Саладағы реформа мен атқарылып жатқан шаралар туралы облыс әкімдігінде өткен кезекті аппарат мәжілісінде облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ақмарал Әлназарова кеңінен мағлұмат берді.
– Жаңа жүйенің артықшылықтары мен тиімділігін халыққа насихаттау бағытында біршама жұмыс атқарылды. Дегенмен, түсіндіру шараларын әлі де күшейту қажеттілігі анық байқалады, – деді ол.
Республика бойынша өткен шілдеден бері міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына 89 млрд теңге түссе, соның 2,4 млрд теңгесі Қызылорда облысына тиесілі. Нақты кезеңде 11 мыңнан астам жеке кәсіпкер 17 мыңнан астам жұмысшының шотына қаржы аударған. Жарна мен аударым жөнінен Қызылорда қаласы, Шиелі, Жаңақорған мен Қазалы аудандары алдыңғы қатарға орналасты.
Осы орайда облыс әкімі жаңа жүйені ендіру бағытындағы бірқатар мәселеге тоқтала келе:
– Қазіргі күні тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі, медициналық сақтандыру мен қызмет түрлерін бекіту шаралары жүргізілуде. Ал біз жарна, аударым мәселесін толық ретке келтіре алмай жатырмыз, – деді.
06 қыркүйек 2018 ж. 571 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области