Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » ЖАРЫҚ ШАҒЫЛЫСТЫРАТЫН АЛҚА ОРНАТЫЛУДА

ЖАРЫҚ ШАҒЫЛЫСТЫРАТЫН АЛҚА ОРНАТЫЛУДА


Қызылордалық полицейлер жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында жол бойында автокөлік қозғалысына кедергі келтіретін малға жарық (сәуле) шағылыстыратын алқаралар орнатуда
Қазігі таңда үй жануарларының кесірінен орын жол-көлік оқиғалары орын алуда. Осының алдын алу мақсатында республикалық маңызы бар автожолдар бойында Қызылорда ОІІД-нің ұсынысымен және ауыл әкімдерінің қолдауымен мал иелері үй жануарларына жарық (сәуле) шағылыстыратын алқалар орнатуда.
Соңғы уақытта автожолдар бойында малдың қараусыз жайылып, жолға шығуы жиілеп кетті. Соның салдарынан авариялық жағдайлар көбеюде. Мысалы, өткен жылдың өзінде республикалық маңызы бар автожолдар бойында 53 мал қағу дерегі орын алған. Салдарынан 2 адам қаза болса, 7 адам әртүрлі дене жарақаттарын алған. Ал, 2018 жылдың басынан 24 мал қағу дерегі, оның ішінде 1 адам дене жарақаттарын алды.
Қазіргі таңда аудандық және ауылдық учаскелік полиция инспекторлары мен ауыл әкімдерінің бірлескен түрде жүргізіп жатқан түсіндірме жұмыстарының нәтижесінде мал иелері 4 мыңнан аса малға жарық (сәуле) шағылыстыратын алқаралар орнатты.
Жарық (сәуле) шағылыстыратын алқалар орнатудың маңыздылығы, жол-апаттарының алдын алу, жол қозғалысы қатысушыларына тікелей қауіпсіз жүруіне және түн мезгілінде алыстан жарық шағылыстырылса, жүргізушілер тарапынан көлік құралын бәсендетіп, қырағылық танытатындығына тікелей өз әсерін тигізеді.
Өз кезегінде тәртіп сақшылары мал иелерін қала аумағында және республикалық маңызы бар автожолдар бойында малдың қараусыз жайылып жүруі жол-көлік оқиғаларына әкеп соқтыру мүмкін екендігін ескертеді.

Қызылорда ОІІД баспасөз қызметі




07 қыркүйек 2018 ж. 1 018 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области