Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » ДИМАШ ҚҰДАЙБЕРГЕНОВКЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАЙҚАУДА "ҚАСТАНДЫҚ" ЖАСАЛДЫ

ДИМАШ ҚҰДАЙБЕРГЕНОВКЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАЙҚАУДА "ҚАСТАНДЫҚ" ЖАСАЛДЫ

Сочиде өткен "Новая волна-2018" бауқауында Димаш Құдайбергенов ыңғайсыз жағдайға тап болды. Әнші сахнада өнер көрсетуге шыққанда, 20 секунд бойы оның микрофоны қосылмай қалған деп жазады NUR.KZ.
  Димаш Құдайбергенов техникалық ақауларға қарамастан, халық алдында өзін байыпты ұстап, ән айтуын жалғастыра берді.
Алайда сахнадағы кедергілер мұнымен біткен жоқ. Димаштың жанкүйерлері бұл олқылықты әншінің өнеріне сын таққысы келгендердің әрекеті деп бағалады.
 Димаш әнін аяқтаған соң, әдеттегідей халықтың зор қошеметіне бөленді. Оған жанталаса жүгірген қыздарға қарап, кеш жүргізушілері таңданысын жасыра алмады. Тіпті сыйға тарқан гүлдерді қалай алып кететінін ойлап, бас қатырды.
Қазақ әншісінің өнеріне табынушылар Димашқа дейін сахнаға шыққан жұлдыздарды микрофонды өшіріп, фонограммамен ән шырқаған деп отыр.
  "Ұйымдастырушылар ұятқа қалды. Сонда да сен жарадың, Димаш! Дауысың өте керемет! Сені жақсы көріп, мақтан етеміз!", "Ол ән айтып жатқанда ұйымдастырушылар бір-бірімен сөйлесіп жатты. Өте ұят болды, бұл - әншіні сыйламау деген сөз", - деп пікір қалдырған YouTube и Instagram желісінің қолданушылары.

10 қыркүйек 2018 ж. 1 042 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области