БІЛІМДІ ЖАСТАР – ЕЛ БОЛАШАҒЫ
Қармақшы ауданы бойынша биылғы оқу жылында білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасын дамыту бағытында 32 білім беру ұйымы ел болашағы жастарымызға білім мен тәрбие беруде. Атап айтқанда 28 жалпы орта білім беретін мектеп, 1 орталау мектеп, 3 мектептен тыс және 36 мектепке дейінгі білім беру мекемесі жұмыс жасайды. Оның 32-сі балабақша болса, 4-і шағын орталықтар. Бұл туралы аудан әкімі Сұлтан Мақашов баспасөз конференциясында мәлім етті.
Нақты кезеңде аудан бойынша білім берудің жалпыға міндетті оқу стандартына сәйкес 13972 оқушы білім алуда. Биылғы 2018 жылдың жартыжылдықтың қорытындысы бойынша ауданның 785 педагог білімін арттырған.
Ұлттық бірыңғай тестілеу қорытындысына келсек, мектеп бітіруші түлектер өз білімдерін дәлелдей білді. Биылғы жылы 652 мектеп бітіруші 458-і (70,2%) ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысып, орташа балл 83,7 балл көрсеткішті құрады. Қазіргі таңда 652 мектеп бітірушінің 310-ы (47,5%) жоғарғы оқу орындарының грантын иеленді.