КӨРКЕЙТУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ
Қармақшы ауданында елді мекендерді абаттандыру, көркейту-көгалдандыру және санитарлық тазалық жұмыстары жүйелі жүргізіліп келеді. Бұл туралы аудан әкімі Сұлтан Мақашов брифингте айтып берді.
Аудан орталығы – Жосалы кенттін абаттандыру жұмыстары кезең-кезеңмен атқарылып келеді. Биылғы жылы барлық кент және ауылдық округтеріне абаттандыру және көгалдандыру жұмыстарына аудандық бюджеттен және жергілікті өзін-өзі басқару органның арнайы шоты арқылы (ҚБШ) қаржы бөлінді.
Атап айтқанда, абаттандыру жұмыстарына барлығы 97 млн 895 мың теңге, оның ішінде аудандық бюджеттен 93 млн 834 мың теңге, арнайы шот арқылы 4 млн 061 мың теңге бөлінді. Санитарияға 15 млн 338 мың теңге, қаржының барлығы аудандық бюджет арқылы бөлінді.
Ал жарықтандыруға барлығы 83 млн 114 мың теңге, оның ішінде аудандық бюджеттен 82 млн 767 мың теңге, арнайы шот арқылы 347 мың теңге бөлінді.
Қазіргі таңда бөлінген қаражатқа елді мекендерде абаттандыру және көркейту жұмыстары жүргізілуде.