ЖАҢА ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫ АШЫЛУДА
Аудан әкімі Сұлтан Мақашевтың айтуынша, соңғы жылдары Қармақшы ауданында кәсіпкерлік саласына бет бұрғандар қатары көбейіп келеді. Әсәресе, байқоңыр қаласы іргесіндегі Төретам кенті мен Ақай елді мекенінде кәсіпкерлік нысандап ашылуда.
Мәселен, биылғы жылы Ақай ауылында жеке кәсіпкер Алтынкул Шыраева тойхана құрылысын аяқтап, ғимарат қолданысқа берілді. Нақты кезеңде жеке кәсіпкер 5 адамды жұмыспен қамтып отыр.
Ал Төретам кентінде «Алмас» сауда орталығы халық игілігіне берілді. Кәсіпкер Ерғазы Ізбанов «Алмас» сауда орталығын өз қаражаты есебінен салды. Жеке кәсіпкер Ерғазы Базарбайұлының 120 млн теңге көлеміндегі қаржымен сауда орталығының құрылысын аяқтап шығып, бүгінде аталған сауда орталығында 100-ге жуық адам жұмыспен қамтылды.