Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » «ҚАЗАҚТАНУ» ЖОБАСЫ ТҮСІНДІРІЛДІ

«ҚАЗАҚТАНУ» ЖОБАСЫ ТҮСІНДІРІЛДІ


Қармақшы ауданы орталығындағы Ш.Төлепова атындағы аудандық мәдениет үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясының «Қазақтану» мәдени-ағартушылық жобасының өкілдері – «Айқын» газетінің бас редакторы Нұртөре Жүсіп, облыстық «Рухани жаңғыру» орталығының тәрбие және білім бөлімі басшысы Әлима Әбдіқалықова аудан тұрғындарымен кездесті.
Шараны аудан әкімінің орынбасары Еркебұлан Меңлібаев ашып, жалпыұлттық бірліктің қазақстандық үлгісін нығайтуда аталған жобаның маңыздылығына баса назар аударды.
«Қазақтану» ғылыми-ағартушылық жобасының шеңберінде жүзеге асатын «Жер тарихы – ел тарихы» экспедициясы мен «Тауларды аласартпай, даланы асқақтатайық» жобалары еліміздің барлық өңірін қамтитын болады.
Жоба жалпықазақстандық құндылық пен қазақстандық патриотизмді біріктіру мен қалыптастыру болып табылады.
Республикалық «Айқын» газетінің бас редакторы Нұртөре Жүсіп қазақты тануда «Қазақтану» жобасының маңызы ұрпақ арасындағы байланыстардың, бірліктің негізгі принциптері мен келісімнің, этникалық толеранттылықтың негізінде бірігуі мен дамуына ерекше екеніне назар аудартса, аймақтық «Рухани жаңғыру» орталығының тәрбие және білім бөлімі басшысы Әлима Әбдіқалықова ұлттық құндылықтарға байланысты ой-пікірімен бөлісті.




14 қыркүйек 2018 ж. 1 029 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области