Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » КООПЕРАТИВТЕР ТИІМДІЛІГІН КӨРСЕТУДЕ

КООПЕРАТИВТЕР ТИІМДІЛІГІН КӨРСЕТУДЕ


Ауыл шаруашылығы саласы мықты дамыса өңір экономикасы да өркендейді. Халықтың әл-ауқаты жақсарып, кәсіп көзі кеңейеді. Агросаланы жан-жақты қолдау бағытында Жалағаш ауданында нақты жұмыстар қолға алынды.
Биыл аудан бойынша 1 млрд 770 млн теңгенің ауылшаруашылығы өнімдері өндіріліп, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 2,1 процентке артты.
Егістік дақылдарды күтіп баптауға 6810 тонна аммоний сульфаты, 3915 тонна карбамид, 2095 тонна аммофос минералды тыңайтқыштар берілген. Сонымен қатар, биыл 14 000 гектар күріш дақылы үстеп қоректендірілсе, 18000 гектар күріш егісі арам шөптерге қарсы гербицидтермен өңделді. Айта кетейік, қазіргі таңда егінге орақ түсті.
Жасыл технология өміріміздің барлық саласына енгізіліп жатқаны баршамызға мәлім. Оған дәлел – биылғы жылдың маусым айында БҰҰ Даму бағдарламасы шеңберінде Жалағаш ауданы Таң ауылдық округіндегі оазистік суару жобасы іске қосылды.
Бұл жобаны жүзеге асыру барысында күн және жел күшімен электроэнергиясын өңдейтін, тамшылатып суару әдісімен 3 гектар жерге алма ағаштары, 2 гектар жерге көкөніс дақылдары егілді.
Ал, мал басын арттыру мақсатында шаруа қожалықтар мемлекет ұсынған бағдарламаларды тиімді пайдаланып келеді. Соның нәтижесінде төрт түлік мал басы былтырғы жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда МІҚ – 1,5 %-ға, жылқы – 13 %-ға, түйе – 10,8 %-ға, үй құстары 23,5 %-ға артқан. Сондай-ақ, қой - 99,9 %-ды, ешкі басы– 99,7 %-ды құрады.
Есепті мерзімде ет өндіру 2,4 пайызға, сүт өндіру 1,4 пайызға, жұмыртқа 2,9 процентке артып отыр.
Мал шаруашылығын дамытуға «КазАгроҰлттық басқару Холдингі» жобасының негізінде дайындалған «Сыбаға» бағдарламасы арқылы аудан бойынша 40 шаруашылық 2011-2018 жылдар аралығында 311,21 млн теңге несие алып, бұл қаржыға 2473 бас жергілікті аналық пен 123 бас асыл тұқымды бұқа сатып алды.
Бүгінгі күнге шаруақор азаматтар мал басын 5 мыңға жуықтатты. Сонымен қатар, 25 шаруашылық өз қаражаттарымен «Сыбаға» бағдарламасының қатысушысы болып жұмыс жасауда.
Айта кетейік, ауданда 146 шаруашылық пен жеке тұлғалардың бірігуімен 41 ауылшаруашылығы өндірістік кооперативтері құрылған болатын. Осы кооперативтерінің ішінде нәтижелі жұмыс жасап жатқандары баршылық.
Атап айтсақ, «Табыс» ауылшаруашылығы өндірістік кооперативі «Елу ел» бағдарламасы аясында алынған несиеге 309 бас МІҚ малын бордақылап, 4,5 тонна өнім өндірді. Ал, «Аққұм бірлік» кооперативінің 5 мүшесі «Бастау Бизнес» бағдарламасы бойынша 1 млн теңгеден несие алып, мал бордақылаумен айналысуда.
Жалпы, ауылдағы ағайын кооперативтің тиімділігін көре бастады. Мал басын көбейтіп, кәсібін кенейтті. Енді кәсіпкерлер нарыққа жергілікті өнімдері молынан шығару ісіне атсалыспақ.
21 қыркүйек 2018 ж. 490 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области