КӘСІБИ БІЛІМ КӨКЖИЕГІ КЕҢЕЙЕ ТҮСТІ
Жыл басынан бері аймақта «Баршаға арналған кәсіптік-техникалық білім беру» жобасын жүзеге асыру үшін кешенді іс-шаралар жүзеге асырылуда.
Осы жоба бойынша 22 колледжде 28 мамандық бойынша кәсіптік білім беріліп жатыр. Осылайша бағдарлама арқасында 6196 мектеп бітіруші түлектің 97,0 пайызы колледждер мен жоғары оқу орындарында білім алуда.
Аймақта тұңғыш рет жұмысшы мамандығы бойынша бір адамның бірнеше біліктілік алуына мүмкіндік беретін жоба да жүзеге асырылуда. Бүгінгі таңда облыстағы 11 колледжде 18 мамандық аясында 38 біліктілік алуға болады.
Тағы бір жаңалық – еңбек рыногының қажеттілігіне сәйкес қысқа мерзімді курстар арқылы мамандарды оқыту да жақсы жолға қойылған.
Ағымдағы жылы 3,518 адамды оқыту жоспарланған, оның 2 743-і оқуға жіберілді, 1085 адам қайта даярлау курстарын аяқтады. Курстық оқыту 19 колледж бен кәсіпорындар жанындағы 14 орталықта жүргізіледі.