АЙМАҚ АУЫЛШАРУАШЫЛЫҒЫ ӘРТАРАПТАНДЫРЫЛДЫ
Астанадағы ҚР Үкіметінің баспасөз орталығында өтіп жатқан брифингте Қызылорда облысының әкімі ауыл шаруашылығын әртараптандыру мен ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспортын арттыру бағытында жасалып жатқан жұмыстар туралы да айтты.
Өңірдің агроөнеркәсіп секторында өсімдік шаруашылығын әртараптандыру бағдарламасы нәтижелі жүзеге асырылуда. Соңғы 3 жылдың ішінде мал азықтық дақылдар, майлы дақылдар және азықтық дән алқабы 6 мыңнан астам гектарға артқан.
Біз биыл облыс тарихында бірінші рет 500 мың тоннадан астам Сыр маржанын қоймаға құйдық. Бұрын гектарына 30-32 центнерден өнім жинасақ, соңғы жылдары 56 центнерден өнім алып келеміз. Биыл да осы рекордты көрсеткіштен түспейміз, - деді облыс әкімі.
Қазір ауыл шаруашылығы өнімдерін сату нарығын кеңейту бойынша жұмыстар жүргізілуде. Көп жылдардан бергі бақшалық дақылдар экспорты да қолға алынуда. Биылғы жылы оның көлемі 8 есеге артты.