Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » ҚЫЗЫЛОРДАДА ЕҢБЕК САБАҚТАСТЫҒЫ БЕСІНШІ ФОРУМЫ ӨТТІ

ҚЫЗЫЛОРДАДА ЕҢБЕК САБАҚТАСТЫҒЫ БЕСІНШІ ФОРУМЫ ӨТТІ


Қызылорда қаласында еңбек күні мерекесі қарсаңында «Ата кәсіп –алтын мұра» атты V облыстық еңбек сабақтастығы форумы өтті.
Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев бұл форумның 2013 жылдан бастап өткізіліп келе жатқанын атап өтті.
«Елбасының Жарлығымен бекітілген «Еңбек күні» мерекесін биыл бесінші рет атап өтіп отырмыз. Осы уақыт аралығында кәсіпті атадан балаға мирас етіп отырған қаншама отбасыларды облыста ғана емес, республика көлемінде таныта білдік. Біздің бүгінгі жас ұрпағымыз атакәсіпті жалғастырып, оның қыр-сырын отбасынан үйренсе, әрі қарай жалғастырса, мұның өзі бір тәрбие мектебі емес пе? Соның нәтижесінде өздеріңіз сияқты еңбек әулеттері қалыптасып жатса, бұл да бір ұлтымыздың рухани жаңғыруы болмақ», - деді аймақ басшысы.
Сонымен қатар, форум аясында «Еңбек жолы» республикалық байқауының жеңімпаздары, кәсіподақ ұйымдарының үздік жас мамандары және әртүрлі саладағы жастардың үздік тәлімгерлері белгілі болды.
Атап өтейік, аймақтың үздік еңбек әулеттері салалар бойынша анықталып, бағалы сыйлықтармен марапатталды.
Білім беру саласы бойынша Қазалы ауданы Сексенбаевтар отбасы үздік деп танылды. Отбасының жалпы жұмыс өтілі – 305 жыл.
Мал шаруашылығы саласының үздігі – Жалағаш ауданының Ойнаровтар әулеті. Саладағы еңбек өтілдері 142 жылды құрайды. Әулеттің үлкені Ойнаров Сайлаудың осы саладағы еңбек өтілі – 40 жыл. Бүгін де ол кісі Аққыр ауылының өркендеуіне зор үлес қосқан құрметті ауыл ақсақалы.
Сырдария ауданының Сәдуақасовтар әулеті мәдениет саласы бойынша үздік шықты. Өнерлі отбасының жалпы еңбек өтілі 166 жылды құрайды. Отбасының 7 өнерпазы музыка мамандары болып табылады. Әулеттің үлкені Сансызбай Сәдуақасов – осы салада 50 жыл еңбек еткен өнер иесі.
Ауылшаруашылығы саласында Арал ауданының Бердімағанбетовтер әулеті жеңімпаз атанды. Отбасының жалпы еңбек өтілі 257 жылды құраса, әулеттің үлкені Төрехан Қуанышұлы Бердімағанбетов осы салада 35 жыл еңбек еткен.
Егін шаруашылығы саласының үздігі – Жаңақорған ауданының Көкетовтер әулеті. Отбасындағы 6 адамның сала бойынша еңбек өтілі – 58 жыл. Әулеттің үлкені Балғынбай Көкетовтың өз еңбек өтілі 22 жылды құрайды.
Темір жол саласының үздігі – Қызылорда қаласынан Өтегеновтер әулеті. Әулеттің сала бойынша жалпы еңбек өтілі – 60 жыл. Әулеттің үлкені Жандарбек Өтегеновтің осы саладағы еңбек өтілі – 33 жыл.
Денсаулық сақтау саласы бойынша Сейтпамбетовтер әулеті жеңімпаз атанды. Әулеттің жалпы еңбек өтілі 138 жылды құрайды. Отбасының 5 адамы осы салада қызмет атқарып келеді. Әулеттің үлкені Ләйлә Сейтпамбетованың медицина саласындағы жалпы еңбек өтілі 34 жылды құрайды.
Қармақшы ауданынан Назарқұловтар әулеті ішкі істер саласы бойынша үздік шықты. Әулеттің саладағы еңбек өтілі – 74 жыл. Әулет үлкені Есет Камаладинұлы ішкі істер органдарының подполковнигі, сала ардагері, еңбек өтілі – 22 жыл.
Спорт саласы бойынша Жалағаш ауданының Елеусіновтер әулеті жеңімпаз болды. Спортшылар әулетінің жалпы еңбек өтілі 81 жылды құраса, аға буын өкілі Мектепхан Елеусіновтің өз еңбек өтілі 50 жылды құрап отыр.
Сондай-ақ, форум барысында «Еңбек жолы» республикалық байқауының жеңімпаздары мен кәсіподақ ұйымдарының үздік жас мамандарын және әртүрлі саладағы жастардың үздік тәлімгерлерін жариялады. Білім және ғылым саласындағы үздік оқытушы Е.Әуелбеков атындағы дарынды балаларға арналған облыстық мектеп-интернатының жоғары санатты мұғалімі Сара Баймаханова, ал үздік жас маман – Қазақ көлік және техникалық жоғары колледжінің оқытушысы Нұрбек Аскарбек.
Денсаулық сақтау саласы бойынша үздік тәлімгер – Қызылорда медициналық жоғары колледжінің оқытушысы, дәрігер Несібелі Иршаева, үздік жас маман – рентген-эндоваскулярлық хирургия бөлімінің дәрігері - Нұрбол Базарбаев.
Агроөнеркәсіптік кешен саласындағы ең үздік тәлімгер – «Ақтөбе и К» ЖШС қызметкері Сапар Елемесов, үздік жас маман – «Сыр маржаны» ЖШС қызметкері - Назым Қуандыққызы.
Мұнай-газ саласы бойынша «ҚазГерМұнай» БК» ЖШС қысымды сақтау цехының бастығы Салимжан Мырзалиев пен «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ Қызылорда өндірістік филиалының қызметкері Алмат Сарбалаев үздік деп танылды. Байланыс саласындағы үздік тәлімгер – «Қазпошта» акционерлік қоғамының Қызылорда облыстық филиалы қызметкері Ғалияш Усекеева, ал үздік жас маман ретінде Абылайхан Абуов марапатталды.




27 қыркүйек 2018 ж. 779 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области