ҚАЗАНДАРЫҢЫЗ БІРЕУ-АҚ ПА?
Бірде Жүрсін Ерман жолаушылап келе жатып жанындағы адамдармен бір ауылдағы үйге құдайы қонақ болыпты. Көгілдір экраннан көріп жүрген адамды көзбен көргенде есі шығып кеткен үй иесі сасқалақтап:
– Жүке, қош келдіңіздер, сіздерге ет асайық па әлде қуырдақ қуырып жіберсін бе?, - деп жүгіріп жүр дейді.
Сонда саспайтын Жүкең: «Үйлеріңізде қазандарыңыз біреу-ақ па еді?» - деген екен.