Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » АҚПАРАТТЫҚ ТОПТЫҢ АЙТАРЫ КӨП

АҚПАРАТТЫҚ ТОПТЫҢ АЙТАРЫ КӨП


Шиелі аудандық мәдениет үйінде облыс әкімінің өкімімен құрылған облыстық ақпараттық топ мүшелері Елбасының «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына арнаған кезекті Жолдауы және «Бес әлеуметтік бастамасын» түсіндіру мақсатында аудан тұрғындарымен кездесті.
Кездесуде аудан әкімі Ә.Оразбекұлы Жолдаудың негізгі басымдықтарын және одан туындайтын міндеттерге тоқталып, стратегиялық бағдарламаларды жергілікті тұрғындарға түсіндіру мақсатында құрылған облыстық ақпараттық топ жетекшілерінің аймақта жүзеге асырылып жатқан жұмыстарын баяндады.
Бұл маңызды жиынға «Нұр Отан» партиясы Қызылорда облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары И.Құттықожаев, облыстық мәслихат депутаты Қ.Қасымов, «Қызылорда облысының еңбек саласындағы бақылау» мемлекеттік мекемесінің басшысы Е.Жалғасбаев, ҚР Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті Қызылорда облысы бойынша аумақтық инспекциясы» мемлекеттік мекемесінің басшысы Е.Қарабалаев, Қазақтелеком» АҚ филиалының оңтүстік өңіраралық телекоммуникациялар дирекциясы басшысының орынбасары С.Серікбаев, облыстық аумақтық инспекциясы мемлекеттік мекемесі басшысының орынбасары Ж.Дүзелбаева, «Қызылорда облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» мемлекеттік мекемесі басшысының орынбасары Д.Тілеуов қатысты.
Кездесу барысында ақпараттық топ мүшелері өз салалары бойынша Жолдау жүктеген тапсырмалар төң¬ірегінде әңгіме өрбітті.
Жиынды қорытындылаған Ә.Оразбекұлы:
– Құрметті жиынға қатысушылар! Ұлт Көшбасшысының халыққа арналған биылғы Жолдауы да және қабылданып жатқан стратегиялық бағдарламалар – еліміздің болашағы үшін аса маңызды саяси шаралар.Сондықтан да сіздерді, саяси өзгерістер мен Елбасы Жолдауынан туындайтын мақсаттарды тиісті дәрежеде елге түсіндіру және атқару үшін, бірлесе жұмыс жүргізуге шақырамын, – деді.
Еліміздің Тәуелсіздігін баянды ету, қазақтың ұлт болып өркендеуіне үлес қосу, ата-бабаларымыз аңсаған Тәуелсіздікті тұғырлы ете отырып, “Мәңгілік Ел” идеясын іске асыру, жалпы Жолдаудағы басым бағыттарды жүзеге асыруға атсалысу – әрбір азаматтың абыройлы міндеті. Міне, бұл шараның негізгі мазмұны осы ойға саяды.
03 қазан 2018 ж. 513 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области