ТҮЛЕКТЕР ТҮГЕЛГЕ ЖУЫҚ ОҚУҒА ТҮСТІ
Ағымдағы жылы мектеп бітірген түлектеріміздің 97 пайызы жоғары және арнайы орта оқу орындарына түсті. Бұл туралы Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев Астанадағы ҚР Үкіметінің баспасөз орталығында өтіп жатқан баспасөэ мәслихатында мәлімдеді
Облыс бюджетінің 40 пайыздан астамы осы салаға бағытталуда. Біз үшін 97 пайыз – тек білім сапасының көрсеткіші ғана емес, оған қоса бұл балалар бейтарап маргинальді жастардың қатарын толықтырмайды деген сенімділік те бар.
– Осы себептерге байланысты 2013 жылы аз қамтамасыз етілген және көпбалалы отбасынан шыққан, әсіресе, талапты ауылдық жерлердің балаларына аймаққа қажетті мамандықтар бойынша жоғарғы оқу орындарында оқу үшін грант тағайындадық. Бүгінде 694 бала грант иегері болып отыр.
Сонымен қатар, өңіріміз жыл сайын «Серпiн» бағдарламасы бойынша грант алу конкурстарында ең үздік нәтижелер көрсетуде. Бұл бағдарлама аясында бүгінде 4 мың жас оқып жатыр. Келешекте олар тәуелсіз еліміздің нығаюына өз үлестерін қосады, – деді аймақ басшысы.