Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » БИЗНЕСТІ ҚОЛДАУ ТУРАЛЫ ҰСЫНЫС КӨҢІЛІМІЗДЕН ШЫҚТЫ - МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТЫ

БИЗНЕСТІ ҚОЛДАУ ТУРАЛЫ ҰСЫНЫС КӨҢІЛІМІЗДЕН ШЫҚТЫ - МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТЫ

Алматы қаласы мәслихатының депутаты Вячеслав Банщиков Мемлекет басшысының жолдауын қалай қабылдағанын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Бүгін барлығымыз Елбасының Жолдауын тыңдауға жиналдық. Көтерген мәселелерінің барлығы өзекті. Әсіресе, «спорт кез-келген жерде, әр аулада қолжетімді болуы тиіс» деген сөзі көңілімізден шықты. Мен өзім меценат болғандықтан, айналадағы аулаларға спорт алаңдарын құруды қолдаймын», - деді В.Банщиков.
Мәслихат депутаты, сондай-ақ, Елбасының ШОБ субьектілерін қолдау туралы ұсынысын қолдайтынын жеткізді.
«Бұл - біздің экономикамыздың ең негізгі тірегі. Дағдарыс болған кезде де бізді тығырықтан алып шыққан шағын және орта бизнес болды. Өте жақсы ұсыныстар айтылды. Оның барлығы қабылданып, жүзеге асады деп сенеміз», - деді ол.
Айта кету керек, Президент Нұрсұлтан Назарбаев Ақордада Қазақстан халқына Жолдауын жария етті.
Стратегиялық құжат еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуының өзекті мәселелеріне және қазақстандықтардың әл-ауқатын одан әрі арттыру міндеттеріне арналған.


07 қазан 2018 ж. 433 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области