Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » «ҚОРҚЫТТЫҢ ДАНАЛЫҚ СӨЗДЕРІ» АТТЫ КІТАП ШЫҒАРЫЛАДЫ

«ҚОРҚЫТТЫҢ ДАНАЛЫҚ СӨЗДЕРІ» АТТЫ КІТАП ШЫҒАРЫЛАДЫ


«Қорқыттың даналық сөздері» атты кітап үш тілде шығарылады.
Кітапқа АҚШ пен Еуропа елдеріндегі архивтерден Сыр өңірінің тарихи орындары туралы бұрын еш жерде жарияланбаған мәліметтер енгізілмек.
Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңында өткен баспасөз-конференциясында облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Талғат Маханов мәлімдеді.
«Қызылорда облысындағы тарихи және мәдени ескерткіштер телеатласы мен өңір тарихы туралы электронды оқулық немесе жинақ әзірленеді. Бұл жоба бойынша бейнемұрағаттарда сақталған Сыр өңірінің тарихына, тарихи-мәдени ескерткіштеріне қатысты түсірілімдер, деректер жинақталып, сонымен бірге, аймақтық «Рухани жаңғыру» орталығы облыста орналасқан тарихи-мәдени ескерткіштер мен орындар, өмір сүрген тарихи тұлғалар, батырлар мен шайырлар, жыраулар, т.б. туралы ел аузында жүрген әңгімелер мен аңыздарды жинақтап, бейнематериалдар әзірлейтін болады», - деді Т.Маханов.
Сондай-ақ, оқытушылардың шығармашылық-әлеуметтік белсенділігін арттырып, «Ұстаз» статусының рухани деңгейін көтеруге ықпал ету мақсатында «Ұстаз интеллектісі – рухани тәрбиенің айнасы» облыстық интеллектуалдық телекеруені ұйымдастырылады.
10 қазан 2018 ж. 631 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области