Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » ҚАЗАҚСТАН МҰНАЙ-СЕРВИС КОМПАНИЯЛАР ОДАҒЫ ЕЛБАСЫНЫҢ ЖАҢА ЖОЛДАУЫ АЯСЫНДА ІРІ МҰНАЙ-ГАЗ ЖОБАЛАРЫ ЖАЙЫНДА БАЯНДАДЫ

ҚАЗАҚСТАН МҰНАЙ-СЕРВИС КОМПАНИЯЛАР ОДАҒЫ ЕЛБАСЫНЫҢ ЖАҢА ЖОЛДАУЫ АЯСЫНДА ІРІ МҰНАЙ-ГАЗ ЖОБАЛАРЫ ЖАЙЫНДА БАЯНДАДЫ

Орталық коммуникациялар қызметінде Қазақстан экономикасындағы ең өзекті тақырып – мұнай-газ жобаларының іске асырылуы бойынша баспасөз мәслихаты өтті.
Баспасөз маслихаты барысында келесі спикерлер сөз сөйледі: Қазақстан мұнай-сервис компаниялар Одағының Төралқа Төрағасы Рашид Жақсылықов, Одақтың Бас директоры Нұрлан Жұмағұлов және Одақтың Жоба басқарушысы Нияз Жұмат.
Елбасы Қазақстан халқына жолдауында соңғы 20 жылда еліміздің 300 млрд. АҚШ доллар көлеміндегі тікелей шетелдік инвестициямен қамтылғандығы жайында атап айтқан болатын. Осы орайда бизнес саласының дамуы экономикалық өркендеудің негіздемесі екендігі баса көрсетілді. Аталған негізгі ойға сүйенсек, мұнай сервис саласы қазақстандық кәсіптің маңызды әрі бөлінбес бөлшегі болып табылатындығын аңғарған жөн. Мұндағы жергілікті құрамның дамуы мұнай саласындағы ортақ бюджеті 45 млрд. АҚШ долларын құрайтын кеңею жобаларының жүзеге асырылуына байланысты өз өзектілігін танытып отыр. Аталмыш көрсеткіш іс-шара тақырыбының өзектілігін анықтап, саладағы маңызды мәселелердің көпшілікке жариялану маңыздылығын айқындап берді.
2017 жылдың желтоқсан айында Елбасының қабылдаған жаңа «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану» туралы Кодексіне жүгінсек, мұнай жобаларындағы жергілікті құрамның ұлғаюы алға қойылған міндетті шарттардың бірі болып табылады. Статистика бойынша, барлық мұнай сервис саласы көлемінің тек 50% қазақстандық компанияларға тиесілі, ал жер қойнауын пайдалану саласындағы мұнай сервистік қызметінің жылдық айналымы 8 млрд. АҚШ долларын құрап отыр.
Осыған орай, Қазақстанның мұнай-сервис компанияларының Одағы әдеттегідей жергілікті кәсіпорындардың мүддесін қорғау мақсатында ақпараттық алаңға айналып отыр. Одақтың Төралқа Төрағасы Рашид Жақсылықовтың пікірі бойынша, мұнай сервистік кластер дамымаса, мұнай-газ саласының келешегі бұлыңғыр болмақ.

13 қазан 2018 ж. 502 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области