ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ ПРОКУРОРЫ ПРЕЗИДЕНТТІК РЕЗЕРВ ТЫҢДАУШЫЛАРЫНА ЛЕКЦИЯ ОҚЫДЫ
Қызылорда облысының прокуроры Халидулла Дәуешов Ұлттық қорғаныс университетінде құқық қорғау органдарының академиясының ұйымдастыруымен 1-дәрежедегі Президенттік резервтің тындаушыларына «Жобалық менеджмент дегеніміз не?» тақырыбында лекция оқыды.
Облыс прокуроры тындаушыларға жобалық басқару бойынша өзінің көзқарасын, оның тиімді тұстарын, облыстағы прокуратура органдарының жетістіктерін, жобалық менеджмент қағидаттарымен жүзеге асырылған және әзірленіп жатқан жобалардың нәтижелерін атап өтті.
Сондай-ақ, облыс прокуроры тындаушыларға Ресей Федерациясы Белгород облысы Үкіметінің жобалық басқаруды енгізу тәжірибесін таныстырды.
Осы тұста айта өтетін жайт, Белгород облысы мемлекеттік басқару жүйесіне жобалық менеджмент тәсілін енгізген уақыттан бастап, 7 жыл ішінде өзінің негізгі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерін ұлғайтып, даму индексі жағынан Ресей Федерациясының аймақтары арасында алғашқы үштікке кіріп, көш бастап отыр.
Прокуратура органдарының жұмысын жобалық менеджмент арқылы жүзеге асыру – біздің жұмысымызды жүйелі түрде жобалауға мүмкіндік беріп, уақыт, қаржылық, адами ресурстар түріндегі шығындарды оңтайландыруға өз септігін тигізуде, - деп қорытындылады облыс прокуроры Халидулла Дәуешов.
Лекция қорытындысымен облыс прокуроры тәжірибе алмасуға және бірқатар жобалардың нәтижесімен бөлісуге мүмкіндік берген ұйымдастырушыларға өз алғысын білдірді.