Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » БАЙҚОҢЫРДА ТІРКЕУ НАУҚАНЫ ӨТУДЕ

БАЙҚОҢЫРДА ТІРКЕУ НАУҚАНЫ ӨТУДЕ

2018 жылдың 15 қыркүйегі мен 15 қараша аралығында тұрғындарды Байқоңыр қаласындағы облыстық медициналық орталықтың филиалындағы емханаларға тіркеу науқаны жүріп жатыр.
Байқоңыр қаласында барлығы 59308 тұрғын бар, оның - 21044 РФ, 38248 ҚР азаматы болып табылады.
Өткен жылы Байқоңыр қаласының 14178 тұрғыны осы тіркеу науқаны аясындаемханаларды таңдау құқығын пайдаланғанын атап өту қажет. Бұл тұрғындардың тіркеу жөніндегі науқанға қызығушылығының артқанын, азаматтардың науқанға, сондай-ақ, жалпы алғанда өзінің емхананы еркін таңдау құқығынан хабардар екенін көрсетеді.

Неліктен бұл науқан жыл сайын өткізіледі?
Қазіргі таңда Байқоңыр қаласындағы ОМО филиалындағы емханаға тіркелген тұрғындардың саны - 20096 құрайды.
Еліміз бойынша тұрғындар санының өсуі және әлеуеттің жетіспеушілігі жағдайында инфрақұрылымды құрудың ең оңай тәсілі – нарыққа жаңа қатысушылармен және жеке медициналық мекемелердің өкілдерімен серіктес болу. Денсаулық сақтау Министрлігі елімізде 1531 учаскі ашу туралы тапсырма берді.
Бұл науқан біздің өңіріміз үшін де маңызды. Қазір Ақай және Төретам ауылдарынан азаматтар белсенді түрде тіркелуде, үстіміздегі жылдың 15 қыркүйегінен 15 қазанға дейін таңдау құқығын – ауылдағы 2320 адам қолданғанын атап өту қажет.
Тіркеуге қатысты келіп түскен сұрақтарды талдау барысында, сізбен науқан кезінде тіркеуге таңдалған емхана 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап қызмет көрсететініне ерекше назар аударған жөн. Оған дейін Сіз өз емханаңыздың емделушісі болып қаласыз.
Еске сала кетейік, заңнама ҚР «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексінің,Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 1 қарашадағы № 1263 «Алғашқы медициналық-санитариялық көмек көрсету ережесін және азаматтарды алғашқы медициналық-санитарлық ұйымдарға бекіту ережесі туралы» қаулысы шеңберінде емхананы өзгертуге мүмкіндік береді.

Емханаларды ауыстыру себептері:
1. Көшу кезінде.
2. Сіздің емханаңызда өзгерістер болған жағдайда: жабылып қалса, қызмет көрсетуді тоқтатса, қайта құрылса, медициналық сақтандыру қорымен қызметті көрсету үшін шартты қайта созбаса немесе басқа да себептермен келісім-шарты тоқтатылса;
3. Егер біраз уақыт немесе ешқашан емханаңызды ауыстырмасаңыз; ал қазіргі емхана түрлі себептермен ұнамаса, сіз жылына 1 рет қызмет көрсететін клиникаңызды ауыстыра аласыз;
4. Егер қормен қызмет көрсететін жаңа емхана пайда болған жағдайда.
Осы жылы ережеге емхананы ауыстыруға қосымша мүмкіндіктер ұсынатын өзгерістер енгізілді. Егер, Сізде ерікті медициналық сақтандыруыңыз бар болса және келісім-шарт бойынша емхана қызметін өтейтін болса, ауыстыра аласыз.

Тіркеудің жаңа ережелері келесі өзгерістерді қамтиды:
Бірінші. Алғашқы медициналық-санитарлық көмекті ұйымдастырудың екі негізгі қағидаттарын іске асыру үшін жағдайлар жасалады: отбасылық қызмет көрсету қағидаты және қадамдық қолжетімділік қағидаты.

Отбасылық қызмет көрсету қағидаты. Отбасының барлық мүшелерінің ауру тарихын және қандай да бір ауру түрлеріне бейімділігін білетін отбасылық дәрігер, тиімді емдеу түрін тағайындай алады. Сондықтан, бір маманға ұзақ уақыт емделуге барсаңыз, әлдеқайда жақсы ем аласыз. Емхананы таңдай отырып, сіз ең алдымен учаскелік терапевті (отбасындағы ересектері үшін) және педиатрды (18 жасқа дейінгі балалар үшін) таңдайтыныңыз есте болсын.

Алғашқы медициналық-санитарлық көмек қызметтерінің қолжетімділігі қағидаты.Сізбен таңдалған емхана үйіңізден 15-20 минут қашықтықта орналасқаны жөн. Бұл дәрігерлерге Сіздің нашарлаған жағдайыңызда дер кезінде көмек көрсетуге мүмкіндік береді.
Жаңа ереже бұл қағидаттарды жүзеге асыру үшін аумақтағы елді мекендерді бөлуді білдіреді, бұл медициналық ұйымдарға өз пациенттерінің денсаулығын үнемі бақылап отыруға және қажет болған жағдайда үйге баруға мүмкіндік береді.Бұл жедел медициналық көмек көрсету жүйесіндегі реформаларды ескере отырып, маңызды екендігін көрсетеді.
Енді 4 санаттағы шақыруларға емханалар қызмет көрсетеді, ал, жедел жәрдем бригадасы өзге де ауыр жағдайлар мен шұғыл көмек көрсетуге барады.

Екінші айтарлықтар маңызды емес өзгерістер–емханалардағы дәрігерлердің жоғары жүктемесі мен кезекте тұру мәселесін шешу. Жаңа ережеге сәйкес, жалпы тәжірибедегі 1 дәрігерге шектік жүктемесі, ересек және балаларды қоса алғанда – 1700 адамды құрайды. Бұрын бұл көрсеткіш 1 дәрігерге 2 мың адам болды.
Біз бұл жаңа учаскелерді ашуға ынталандырады және бұл мәселеде жеке медициналық ұйымдардың белсенділігіне осы мәселеде жеке медициналық ұйымдардың белсенділігіне сенім артамыз.

Үшінші жаңашылдық. Ерікті медициналық сақтандыру шарты негізінде емханалардың желісіне қосылу мүмкіндігі қарастыру.
Бұл көбінесе іссапарларға баратын немесе вахталық негізде жұмыс істейтін адамдарға тиімді. Енді ерікті медициналық сақтандыру иелерінің еліміздің барлық емханаларында қызмет алуға мүмкіндіктері бар. Тіркеу науқаны текМӘМС жүйесіндегі ТМККК аясында медициналық көмек көрсетуге үміткер денсаулық сақтау нысандарының деректер базасында тіркелген медициалық ұйымдардың арасында жүргізіледі. Бұл дерекқор әлеуметтік сақтандыруды сақтандыру қорының сайтындағы «Клиниканы таңдау» бөлімінде орналасқан.

Таңдалған емханаға қалай тіркелуге болады?
Ол үшін жеке куәлігіңізді ұсынып және бас дәрігердің атына өтініш жазасыз. Ешқандай мекен-жай анықтамасы талап етілмейді. Егер сіз отбасы мүшелерін олардың қатысуынсыз тіркегіңіз келсе, олардың жеке басын куәландыратын құжаттарды және ересек адам болса, жазбаша келісулерін ұсынасыз. Ал, 18 жастан төмен бала болса, оның ата-анасы немесе қамқоршысының жеке басын куәландыратын құжаты, өтініш берушінің жеке куәлігі және баланың мүддесін білдіретіндігін растайтын құжатымен тіркей алады.
Сондай-ақ, емхананы онлайн, яғни egov.kz. сайты арқылы таңдай аласыз.
Өтініш «Электронды үкімет» порталы арқылы азаматтың ЭЦҚ-мен расталған деректерді көрсететін электронды құжат түрінде ұсынылуы тиіс.Осы порталда «Клиниканы таңдау» бөлімінде сіз қай жерде тіркелгеніңізді тексере аласыз.
Үшінші әдісі–халыққа қызмет көрсету орталығындағы Connectionpoint арқылы. Мұнда электрондық форматта тіркеме рәсімінен өтуге көмектесетін кеңесшінің көмегіне жүгінуге болады.
2019 жылдың 1 қаңтарынан таңдалған емханадағы қызметті қолдануға мүмкіндігіңіз бар. Бұрын бекітілген алғашқы медициналық-санитарлық көмек ұйымынан есептен шығару автоматты түрде жүзеге асырылады. Емханадан есептен шығару және есепке алу жылына бір реттен артық жүргізілмейді.
Ал, Сіздің әлеуметтік мәртебеңіз медициналық сақтандыру қорына жарналар төлеу үшін және медициналық көмек алу үшін анықталуы тиіс.

Қазақстандық стационарлардың келешегі:
2016 жылдың 12 тамызынан бастап Байқоңыр қаласы, Төретам және Ақай ауылдарынығ, Қармақшы. Арал, Қазалы аудандарының тұрғындарына стационарлық медициналық көмек көрсететін, Қызылорда облыстық денсаулық сақтау Басқармасының ШЖҚ КМК «Облыстық медициналық орталық» филиалы Байқоңыр қаласына пайдалануға берді.
Қазіргі таңда тәулік бойына арналған 55 төсек (терапия бөліміне 30 төсек, оңалту бөліміне 25 орын)және күндізгі стационарға 20 төсек бөлінген.
Ресей Федерациясы мен Қазақстан Республикасы арасында халыққа медициналық көмек көрсетудің өзгеруіне байланысты, білікті медициналық және мамандандырылған медициналық көмек көрсету үшін, Байқоңыр қаласында ота жасау-реанимациялық бөлімі бар 20 төсекке арналған хирургиялық бөлім ашу жоспарланып отыр
Қазақстан Республикасы азаматтарының орташа өмір сүру ұзақтығының ұлғайғанын (72 жас) және ұзақ өмір сүрушілерді, аурудың полимордибиясы және егде жастағы адамдарға медициналық көмек көрсету қажеттілігін есепке алып, 10 төсекке арналған мейірбикелік күтім бөлмесін, 10 төсекке арналған амбулаториялық-сауықтыру бөлімін ашу және күндізгі стационарды 30 төсекке дейін кеңейту жоспарлануда.
Жоғарыда аталған халықтың контингентіне білікті және мамандандырылған медициналық көмек хирургиялық бөлімде көрсетілетін болады.
Бақылау, қадағалау және профилактикалық медицина бастапқы медициналық көмектің объектісі болып табылады. Қазіргі уақытта емханалық қызметті күшейтудің қажеттілігі өте маңызды.
Қарттар мен қарт адамдар санының артуына, олардың ауруларының полиморбитизміне байланысты, стационардағы мейірбике күтімі маңызды және 2019 жылы дәрігердің қарауынсыз тұрақты медициналық көмекке мұқтаж, емделмейтін патологиясы бар науқастарға стационарлық көмек көрсету жоспарлануда.
Қазақстан Республикасының мүгедектеріне қол жетімді медициналық көмек көрсету қажеттілігі - Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау министрлігінің басымдықтарының бірі.


Серік ОРЫНБАСАРОВ,
«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕ АҚ
Қызылорда облысы бойынша
филиалы директорының орынбасары.







23 қазан 2018 ж. 524 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области