ШИЕЛІДЕ ҚҰС ФИРМАСЫНЫҢ ЖАҢА ЦЕХЫ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ
Шиелі ауданындағы «Мөлдір и К» толық серіктестігіне 2016 жылы құс шаруашылығын дамыту мақсатында 165 млн. теңге инвестиция салынып, құс фермасы іске қосылды. Өңірлік инвестиция арқылы 10 млн. теңге қаражат алып, фермаға қажетті құрал жабдықтармен (ҚХР) қамтылған. Құс фермасына 2016 жылдың желтоқсан айында 12 мың бас жұмыртқа бағытындағы балапан әкелініп, 11 мың бас тауықтан, тәулігіне 10 мың дана жұмыртқа өндіріп келеді.
2017 жылдың мамыр айында Оңтүстік Қазақстан облысынан тағы 12 мың бас балапан әкелініп, өнім көлемін арттырып, құс фермасын кеңейту мақсатында «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы арқылы екінші деңгейлі банктен 33 млн. 500 мың теңге қосымша қаражат алған. Нәтижесінде құс фермасының 2-цехы іске қосылды.
Шиелі ауданы әкімдігінің мәліметіне сәйкес бүгінгі күні құс фермасында 10 адам тұрақты жұмыспен қамтылып, тәулігіне өндірілетін жұмыртқа саны 20 мың данаға артты. Кәсіпорында алдағы уақытта ет бағытындағы құс өсіруді жолға қойып, жылына 65 тонна құс еті өндірілетін болады деп жоспарлануда.