ЕЛБАСЫ ЖОЛДАУЫ – ЖАРҚЫН БОЛАШАҚ КЕПІЛІ
Жаңақорған аудандық емханасында Елбасының 2018 жылғы 5 қазандағы «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауын насихаттауға арналған жиын болып өтті.
Жиынға Қызылорда облыстық мәслихатының депутаты, облыстық медицина орталығының директоры Нуридин Әмитов арнайы қатысты. Н.Әмитов ҚР Президентінің 2018 жылғы 5 қазандағы «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауы бойынша хабарлама жасап, Жолдаудың басым бағыттары жайлы ойын ортаға салды. Медицина саласы бойынша да мемлекет алдына қойылып отырған маңызды міндеттерге тоқталып өтті.
Облыстық мәслихат депутаты Н.Әмитов сөзін қорытындылай келе, сала қызметкерлерін Жолдаудан туындайтын міндеттерді іске асыруда бірлесіп нәтижелі жұмыс жасауға шақырды.