ӘДЕП ЖӨНІНДЕГІ УӘКІЛДІҢ ҚЫЗМЕТІ
Қызылорда облысының Статистика департаментінің мемлекеттік әкімшілік қызметшілерімен қызметтік әдеп нормаларының сақталуын және мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнама мен Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексін бұзушылықтардың профилактикасын қамтамасыз ету қызметін жүзеге асыратын Әдеп жөніндегі уәкілі қызмет атқарады.
Департаментте Әдеп жөніндегі уәкілдің функциясы Сауле Рысмаханова жүктелген. Әдеп жөніндегі уәкіл өзінің функцияларына жататын мәселелер бойынша мемлекеттік қызметшілерді және басқа да азаматтарды айына бір рет әр бірінші бейсенбіде сағат 15.00-ден 17.00-ге дейін қабылдау жүргізеді, байланыс телефоны 8(7242) 27-25-94.
Өз қызметінде Әдеп жөніндегі уәкіл Қазақстан Республикасы
Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №153 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексінің (Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп қағидалары) талаптарын басшылыққа алады.
Тұрақты негізде департамент қызметкерлері үшін консультативтік көмектер көрсетіледі. Уәкілдің бастамасымен қызметкерлер үшін құқықтық оқытулар өткізіледі. Оқыту барысында мемлекеттік қызметшінің әдеп стандарттарының негізгі талаптары бойынша мағлұматтар беріліп, «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңдарының, Әдеп Кодексі нормалары бойынша түсіндірмелер жасалып, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы мемлекеттік басқару Академиясы дайынған «pocketbook» – «Мемлекеттік қызметшінің Әдебі және мінез-құлық нормалары» жағдаяттық мысалдарымен қызметшілерді таныстырулар жүргізілді.
Сонымен қатар, аталған заңнама талаптарының сақталуын қамтамасыз ету мақсатында Әдеп жөніндегі уәкіл жыл басынан бері 5 аудандық Статистика басқармаларында тиісті іс-шаралар өткізді. Одан басқа, қызметтік әдеп нормаларының сақталуын, ұжымдағы моральдық-психологиялық ахуалдың жай-күйін мониторингтеу мақсатында жылына 2 рет анонимді сауалнамалар жүргізіледі.