Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Алдағы 2 жылда Қазақстанның ауыл шаруашылығы өнімдерінің 20-дан астам түрі Қытайға экспорттала бастайды

Алдағы 2 жылда Қазақстанның ауыл шаруашылығы өнімдерінің 20-дан астам түрі Қытайға экспорттала бастайды

Қазақстан Республикасының Премьер-министрінің орынбасары, Ауыл шаруашылығы министрі Өмірзақ Шөкеевтің Қытай Халық Республикасына жасаған сапары барысында Қытайдың Бас кеден басқармасының төрағасымен 2019-2020 жылдарға Қытайға экспорттайтын 20 жаңа ауыл шаруашылығы өнімдерінің түрлері туралы Жол картасына қол қойылды.
Бүгінгі таңда 13 тауар түрі бойынша 13 хаттамаға қол қойылды, тағы үш хаттама ҚР Премьер-Министрінің ҚХР-ға ресми сапары кезінде қол қоюға келісілді.
Жол картасына қол қойылған жаңа 20 хаттама құс шаруашылығы өнімдері, жылқы еті, шошқа еті және басқа да өнімдер.
Өсімдік шаруашылығы өнімдерінен жаңа Жол картасына рапс, сафлор, қарақұмық, бұршақ, нут, күнжут, көкөніс пен жемістердің кейбір түрлері, жаңғақтар мен пісте, тоңазытылған ет түрлері, соның ішінде салқындатылған қой еті кірді.
Сапар барысында қазақстандық делегация 130-дан астам ел мен ұлтаралық компаниялар қатысатын «CHINA INTERNATIONAL IMPORT EXPO» импорттық тауарлардың халықаралық көрмесінде болды. Қазақстан Республикасы ұлттық павильонында 30-дан астам компания ұсынылған, олардың негізгі бөлігі азық-түлік өндірушілер болып табылады.
“CHINA INTERNATIONAL IMPORT EXPO” көрмесі кезінде Өмірзақ Шөкеев “сауда және инновациялар” форумына қатысып, халықаралық көрме қонақтарының алдында баяндама жасап, Қазақстанның ауыл шаруашылығына инвестициялаудың артықшылықтары туралы айтып берді.
Сонымен қатар, “сауда және инновациялар” форумында көрменің Ұлттық делегацияларының басшылары – Еуроодақ елдерінің Премьер-министрлері және министрлері, экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының басшылығы, сондай-ақ Microsoft Билл Гейтс және AliBaba Джек Ма негізін қалаушы атақты сарапшылар сөз сөйледі.
Көрме барысында Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің, «ҚазАгро» АҚ басшылығының және облыстық әкімдіктердің өкілдерінің қатысуымен Қытай мен Қазақстанның іскер топтарының екіжақты кездесулері өтті.
B2B форматындағы кездесулер барысында Павлодар облысындағы қант зауытын салу мәселелерін әзірлеу жөнінде келісімдерге қол жеткізілді. Ол үшін жақын арада Қазақстанға 3 ірі қытайлық компания өкілдері келеді.
Сонымен қатар, “Qazaq capital partners” мен “Wudeli Flour Group Co. LTD” арасында Астана қаласында астық өңдеу және кеспе өндіру зауытын салу туралы Меморандумға қол қойылды.
Қытай компанияларының өкілдері Қазақстанның ауыл шаруашылығы саласына үлкен қызығушылық танытып, одан әрі машина жасау, ет өңдеу, жемшөп өндірісі, логистика, сондай-ақ ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің сауда және маркетинг салаларына инвестиция салуды жоспарлап отыр

11 қараша 2018 ж. 547 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области