Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Елбасы жолдауы – басты бағдар

Елбасы жолдауы – басты бағдар


Елбасының Қазақстан халқына арналған кезекті Жолдауы биыл ерекше сипатта өткені белгілі. Ел экономиксы мен халықтың санасын рухани байытуға бағытталған бұл құжат әрбірімізге бірқатар міндеттемелер мен жауапкершілік жүктейді. Келер жылдың «Жастар жылы» атануы да келешек кілтін ұстағандар үшін керемет мүмкіндік. Басты мақсат – жастардың мемлекет дамуына тікелей әсер ететінін түсіндіру, олардың ынта-жігеріне үн қосу. Осы тақырыпта көпсалалы «Ұлағат Қызылорда» колледжі мен А.С.Пушкин атындағы орталық кітапхана қызметкерлері «Елбасы жолдауы – басты бағдар» атты дөңгелек үстел ұйымдастырды.
Шараға қатысушылар Жолдауда қозғалған барлық мәселені таразылап, өз көзқарастарымен бөлісті. Халқымыздың «Ақыл - жастан» деген сөзін тілге тиек етіп, елдің қызмет көрсету саласындағы кейбір түйіткілді тұстарын әңгімеледі.
- Жаңа дәуір бізді жаңа технологиясымен қуантады. Сол себепті біз бар ынтамызды үздік бағдармалар мен жаңа дүниелерді үйренуге, ойлап табуға арнауымыз керек. Ауыз толтырып айтуға тұрарлық жаңалық айта алсақ ол еліміздің өркендеуіне өз септігін тигізеді. Сол сияқты спорт және туризм саласына да жаңа өзгерістер енгізуді қарастыру керек. Осы олқылықтардың орнын толтыру үшін арнайы топ құрдық. Жастарды жігерлендіру, қабілеттерін арттыру мақсатында жұмыс жасайтын боламыз, - деді колледж студенті Жанарбек Бекарысов.
Жиын соңында студенттер орталық кітапхана қызметкерлерінің арнайы дайындаған «Елбасы жолдауы – тарихи дәуір бастауы» атты кітап көрмесімен танысты.

19 қараша 2018 ж. 484 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области