Марал Ишан мазары жөндеуден өтті
Сыр Сыр өңіріндегі киелі жерлерді сақтау, қайта жаңғырту жұмыстарының маңызы зор. Қызылорда облыстық бюджеттен соңғы жылдары ауданымыздағы Қорқыт ата ескерткіш кешені, Қалқай Ишан кесенесі қайта жаңғыртылған болатын.
Қызылорда облысы Қармақшы ауданы Жосалы кентінен шығысқа қарай 18 шақырымда орналасқан Марал Ишан мазары да қайта жаңғыртылды.
2010 жылы ескерткіштердің төлқұжаттары рәсімделіп, мемлекеттің қорғауында екендігі жайлы қорғау тақтасы қойылды. Мазар ағымдағы жылдың мамыр айында облыс әкімдігінің қаулысымен жергілікті маңызы бар тарихи және мәдени ескерткіштерінің мемлекеттік тізіміне енгізілді.
Үстіміздегі жылы Қармақшы ауданы бюджетінен өңірлік маңызы бар қасиетті орындар тізіміне енгізілген Марал ишан мазарына реставрациялау жұмыстарын жүргізуге қаржы бөлініп, бүгінгі таңда мемлекеттік сатып алу заң талаптарына сәйкес мердігер «Ұлытау Ұлар МЖЖФ» ЖШС-мен келісім-шарт жасалып тиісті жұмыстар атқарылды.