Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Шиеліде салынып жатқан цемент зауытының жатақханасы өртенді

Шиеліде салынып жатқан цемент зауытының жатақханасы өртенді

Шиелі ауданында құрылысы жүріп жатқан тампонажды цемент зауытының ауласында орналасқан уақытша жатақханада өрт шықты. Қазіргі таңда оқиға орнында арнайы топ жұмыс жасауда. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтылды.

Қызылорда облысы ТЖД өрт саласындағы бақылау және профилактикалық қызмет басқармасының бастығы Руслан Қайрақбаевтың айтуынша, жатақхана толығымен жанып кеткен.
«Шиелі ауданындағы №9 өрт сөндіру бөлім бекетіне жаңадан салынып жатқан цемент зауытының өртеніп жатқаны туралы ақпарат келіп түсті. Оқиға орнына өрт сөндіру қызметкерлері барғанда 10x20 шаршы метр уақытша салынған жатақхана толығымен жанып кеткен. Отты оқшаулағанда жатақхана ішінен 1976 жылы туылған Қытай Республикасы азаматының мәйіті табылды. Оқиға орнына өрт сынақ зертханасының мамандары жіберілді», – деді Р.Қайрақбаев
Қаза болған азамат "Чайна Триумф Интернэшнл Инжиниринг" ЖШС филиалының қызметкері. Сонымен қатар, марқұмның Қытай Республикасы, Жансу елді мекенінің тұрғыны Жоу Бейдің мәйіті екені анықталды.
Айта кету керек, өрт сағат 12.13-те басталып, төтенше жағдайлар қызметкерлері 12.20-да оқиға орына жеткен. Ал, 12.50-де оқиға орын оқшауланып, 13.00-де өрт толығымен сөндірілді. Қазіргі таңда өрттің шығу себебі анықталып, тексеру жұмыстары жүргізілуде.
21 қараша 2018 ж. 513 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области