Танымал жерлестер туған жерде кездеседі
29 қараша күні «Nomade palace» мейрамханасында Қызылорда облыстық ішкі саясат басқармасының ұйымдастыруымен «Туған жерге тағзым» акциясы өтеді.
Кездесудің мақсаты – Сыр өңірінен шыққан танымал тұлғалардың жеткен жетістіктерін аймақ жастарына үлгі ету, оларды туған жеріне қолдау көрсетуге шақыру.
Кездесуге Сыр өңірінен шыққан танымал тұлғалар композитор, Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері Кеңес Дүйсекеев, термеші Ақмарал Ноғайбаева, қазақ ұлттық өнер университеті «Дәстүрлі ән» кафедрасының оқытушысы, ҚР мемлекеттік күзет қызметі Президенттік оркестрінің әншісі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Эльмира Жаңабергенова, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Қазақстан тарихы кафедрасының профессоры, тарих ғылымдарының докторы Берекет Кәрібаев, «Айқын» газетінің бас редакторы, «Құрмет» орденінің иегері Нұртөре Жүсіп, журналист Қымбат Досжан, Жайна Сламбек, журналист Мади Манатбек, спортшы Ермек Көкетов қатысады деп күтілуде.
Өзінің туған өлкесінің көркеюіне үлес қоса білген, қайырымдылық іс-шараларға белсене қатысу арқылы еліне шарапатын тигізген 5 жомарт азамат осы кездесу аясында «Сыр жанашыры» номинациясымен марапатталатын болады.