Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Элизабет Тұрсынбаева Қазақстанның Мәскеудегі елшілігінде қонақта болды

Элизабет Тұрсынбаева Қазақстанның Мәскеудегі елшілігінде қонақта болды

Қазақстандық танымал спортшы, мәнерлеп сырғанаушы Элизабет Тұрсынбаева Қазақстанның Ресейдегі елшілігінде қонақта болып, қазақстандық дипломаттармен кездесті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат».

Емен-жарқын жағдайда өткен кездесуде қазақстандық спортшы өзінің спорттағы өмірі, жеңіс жолындағы қиындықтар мен жетістіктері туралы баяндады. Осы күнде спортшы Ресейде Юлия Липницкая, Алина Загитова сынды Олимпиада чемпиондары мен әлемнің екі дүркін жеңімпазы Евгения Медведеваны жаттықтарған танымал бапкер Этери Тутберидзенің қолында тәлім алуда. Осыған дейін 5 жыл қатарынан Элизабет канадалық бапкер Брайан Орсердің жетекшілігімен жұмыс істеген болатын.
«Брайанмен біз жақсы көңіл-күймен қош айтыстық. Ол мені, менің таңдауымды қолдады және менің бапкеріме де сенім артты. Мен оның маған деген қамқорлығына, осы уақытқа дейін үйреткенеріне дән ризамын», – деді мәнерлеп сырғанаушы.
«Жалпы өз үйінен, отбасынан жырақта жүріп жаттығу өте қиын. Кейде жетістігіңді еселей түсу үшін өзгеріс қажет. Мен келесі Олимпиадаға басқаша дайындалғым келеді. Этери Георгиқызы өте мықты бапкер, мен өзімнің оның тобында дайындалуға мүмкіндік алғаныма шексіз қуаныштымын», – дейді Элизабет.
Тұрсынбаева мен Тутберидзе 2022 жылы Бейжіңде өтетін қысқы Олимпиада ойндарына дейін бірге жұмыс істейтін болады. 18 жастағы Элизабет Мәскеуде туған, алайда ол дүбірлі додаларда Қазақстан атынан өнер көрсетіп жүр. Пхенчханда өткен Олимпиада ойындарында 12-ші орынға табан тіреді. Ол әлем чемпионаттарындағы үздік көрсеткішіне 2017 жылы қол жеткізді. Элизабет 2017 жылы өткен қысқы Азия ойындарының және 2016 жылғы жасөспірімдер арасындағы қысқы Олимпиада ойындарының қола жүлдегері.
«Біз үшін қазақстандықтардың да, Сіздің де қолдауыңыз маңызды. Сіздердің біздің жағдайымызға алаңдаушылық білдіргендеріңіздің өзі бізді алдыға жетелеп, бұдан да үлкен биіктерді бағындыруға ынтыландырады. Қазір 2022 жылғы Олимпиада ойындарына дайындық жүріп жатыр. Сондықтан қазір біз үшін әрбір сәт маңызды», – деп ағынан жарылды спортшының әкесі Байтақ Тұрсынбаев.

30 қараша 2018 ж. 511 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области