Мыңға жуық сырбойылық жүргізуші куәлігін онлайн тәртіпте ауыстырған
Бес айдың ішінде жүзден астам автокөлік сатып алушы және сатушы қызылордалық азаматтар электронды смарт-келісім аясында құжат рәсімдеген.
Бұрын қос тарап «Азаматтарға арналған үкімет» кеңсесіне бір уақытта келіп, құжат тапсыру керек болса, қазір шаруасын үйде отырып-ақ тындырады. Халыққа қызмет көрсету орталығына бармай, құжат толтыру кезінде түсінбеушіліктер туындаса, «1414 call» орталығына қоңырау шалып, мамандар кеңесіне жүгінуге болады. Сондай-ақ мыңға жуық сырбойылық жүргізуші куәлігін онлайн тәртіпте ауыстырған. Портал арқылы өтінім бергенде, ешқандай құжаттың скан-нұсқасын ұсынудың қажеті жоқ. Бұл жаңашылдық қызмет алушылардың уақытын үнемдеп қана қоймай, мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталықтарындағы жүктемені азайтуға мүмкіндік беріп отыр.
Исламбек Бектұров, Сырдария ауданы, Шаған ауылының тұрғыны
– Бұрын жүргізуші куәлігін ауыстыру үшін 3-4 күн сандалып жүретін едік. Цифрландырудың арқасында 20 минут ішінде куәлік дайын болады.