Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Илья Ильин: Шаршадым, мансабымды аяқтағым келеді

Илья Ильин: Шаршадым, мансабымды аяқтағым келеді

Қазақстандық ауыр атлет, әлемнің төрт дүркін чемпионы Илья Ильин 2020 жылы Токиода өтетін Олимпиадада алтын жүлдеге ие болып, мұнан кейін спорттық мансабын тәмамдағысы келетінін айтты, деп жазады Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы спортшы Instagram желісінде жазды.
Өз сөзінде Илья спортта жүргеніне 24 жыл болғанын атап өтті. Сол уақыттан бері жеңісім көп болды және тағы да жеңетініме сенемін, дейді ол.
«Менің жасым 30-ға келді және мен әлі де залдамын… Иә, шаршадым… Иә, қажысам да, өзімнің спорттағы жолымды Токиода өтетін Олимпиаданың алтын жүлдесімен тәмамдағым келеді», – дейді Ильин.
Сонымен қатар Илья спорттық мансабының әдемі аяқталғанын қалайтынын айтты.
«Бұрын өзіме тапсырма берген едім. Әлі күнге дейін сол бойынша келе жатырмын. Әлдекімге өзімнің күшті, таза екенімді дәлелдеу үшін емес, 4 Олимпиадаға қатысатынымды мақсат еткенім үшін осы жолда келемін. Шаршадым және аяқтағым келеді, алайда әдемі аяқтасам деймін. Егер олай болмаса, бәрі-бір өзімнің спорттық жолымды бақытты деп білемін», – дейді ауыр атлет.

06 желтоқсан 2018 ж. 510 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области