Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Елімізде соңғы 5 жылда 11732 қария ажырасқан

Елімізде соңғы 5 жылда 11732 қария ажырасқан

Елімізде жасы келген қариялар ажырасу жөнінде жастарға есе бермейтін көрінеді. Неліктен? Жастарға үлгі-өнеге көрсетуге тиіс қариялардың бұлайша бүлінуіне не себеп? Қарияларша айтсақ, араларына шайтан қайдан түсті?
Ажырасу бойынша әлем елдерінің алдыңғы ондығына кіреді екенбіз, деп хабарлайды ktk.kz.

2013 жылы 2123 шал-кемпір ажырасып кетсе, өткен жылы 2651 көненің көзі, асылдың өзі дегендеріміз шаңырақтарын шайқап жіберіпті.
Статистикаға сенсек, соңғы 5 жылда 11732 қария ажырасқан. Бір өкініштісі, бұл көрсеткіш 2013 жылдан бері тұрақты түрде өсіп келеді.
Отбасын құрмай жатып некесін бұзып жатқан жастарды жиі жолықтырамыз. Ал 20-30 жыл отасып, өмірдің ыстық-суығын бірге көрген қариялар ажырасса ға не жетпей жүр? Бұл сұраққа мамандар әртүрлі жағдай себеп дейді. АХАТ бөлімінің мәліметінше биылдың өзінде егде жастағы 200-ден астам ерлі-зайыптының шаңырағы шайқалған.
«Некені бұзу туралы келісім-шартты талдаған кезде көбіне опаздық салдарынан, әлеуметтік-тұрмыстық жағдайдан немесе зиянды әдеттерге әуестіктен ажырасатындарды кездестірдік. Сондай-ақ балалары ер жетіп, жан-жаққа кетіп, жалғыз қалып, ортақ қызығушылықтардың болмауы, мінездерінің үйлеспеуі секілді себептер кездеседі», - дейді Алматы қаласы Медеу ауданы әкімі аппаратының АХАТ бөлім басшысы Венера Ғалиева.
Бір мезгіл алданатын немере-шөберенің жоқтығынан жалғыз қалған қарттардың басы бір қазанға сыймайды. Мұны психология тілінде «Бос ұяның дағдарысы» деп атайды екен. Яғни бала-шағасы ер жетіп, өз бетімен өмір сүре бастағанда, жападан жалғыз қалған ата-әжелер үшін бірге тұрудың мәні жоғалады дейді мамандар.
«Бұл балалардың есеюімен де тікелей байланысты. Балалары кішкентай кезде оларда ортақ мәселе болады. Есейе келе бөлек шығып, ата-анасы жалғыз қалады. Сол кезде оларда ортақ мәселе болмай, бір-бірінің шамына тиюі мүмкін», - дейді психолог Бақыт Дастанқызы.
Алайда қарттардың бәрі бала-шағаның бөлек кетуінен ажырасып жатыр деуден аулақпыз. Қазыналы қарттардың арасында отбасының ұйытқысы, бала-шағасының ақылманы болып отырған абыздар да бар. Бір шаңырақ астында 60 жыл бірге тұрған Сейдіғали ата мен Майра әже солардың бірі. Олар замандастарының ажырасып жатқанын ақылға қонымсыз деп санайды.
«Үлкендердің ажырасуы мүлдем дұрыс емес. Кәртейді, жасын жасасты, енді қазір сыйласу шағында бірге болуы тиіс. Отбасында аздаған ыдыс-аяқ сылдырласа, оған кешіріммен қараймыз. Ұят, намыс, құрметтегеннің арқасында барлығы жақсы болмақ. Жаманшылық болған жоқ бізде. Екеуіміз де еңбектендік. Шаңырақты шайқалтпау ол, бірншіден, ата-ананың тәрбиесі. Дұрыс тәрбиені алған бала тәртіпсіз болмайды. Сондықтан әке-шешесінің өзі тәртіпті сақтау керек деймін», - дейді Майра Бейсекқызы.
Дегенмен төрінен көрі жақын кемпір-шалдар жастарға үлгі-өнеге болудың орнына, ажырасқандардың санын көбейтіп жатыр.
Қазір бізді қандай да бір жаңалықпен таңқалдыру қиын. Бірақ, дәл осы қариялардың ажырасуы таңқалдырып та, ойландырып та отыр. Ала құйындай алаөкпе дәуір ме? Әлде бір-біріне бауырмашылдықтан безе бастаған адамдар ма? Әлде ұлттық қасиеттің қадірі қаша бастады ма...


25 желтоқсан 2018 ж. 484 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области