Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » «Нұрлы жер»: 2019 жылы 13 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріледі

«Нұрлы жер»: 2019 жылы 13 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріледі

«Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру барысында қазақстандықтардың жеке тұрғын үй құрылысына қызығушылығы артты. Бұл бағытқа жер телімін алуға кезекте тұрған азаматтар қатыса алады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

2017 жылы облыс орталықтарында жеке тұрғын үй құрылысын жалғыз сәулеттік стильде салу үшін пилоттық жоба іске қосылған болатын. Ол бір құрылыс салушы арқылы жергілікті құрылыс материалдары мен үй құрылысы комбинатының технологиясын қолдануды көздейді. Аталмыш технологияларды типтік құрылыс жобаларына қолдану 1м² тұрғын үй құрылысының құнын 120 мың теңгеден асырмауға мүмкіндік береді.
Әкімдіктерде жер телімін алуға кезекте тұрғандар пилоттық жобаға қатысуға және инженерлік коммуникациялық инфрақұрылымы жүргізілген дайын үйді жер телімімен сатып алуға, сонымен қатар, Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінен жеңілдетілген несие алуға құқылы.
Осындай тәсілдер арқылы кезекте тұрғандар үшін ай сайынғы төлем алғашқы 5 жылда - 70 мың теңге, кейінгі 10 жылда - 56 мың теңге болады. Бұл шаралар жыл сайын шамамен 40 мың үйді (4 млн м²) енгізуге мүмкіндік береді. Мәселен, 2017 жылы 184 үй пайдалануға берілді.
2018 жылы бірыңғай сәулеттік стильде жеке тұрғын үй құрылысының пилоттық жобалары жалғасын тапты. Республикалық бюджет есебінен сумен және электрмен жабдықтау желілері салынып жатыр. Алдын-ала деректер бойынша 2018 жылы 160 үй пайдалануға берілген. Бұдан өзге, 179 үйдің құрылыс жұмыстары жүргізіліп жатыр, 20 үйдің жобалық-қаржылық құжаттары дайындалды. 5,08 мың м²болатын 54 ЖТҚ-ның сараптама қорытындысы келіп, құрылыс жұмыстарына байқау жарияланды.
Жеке тұрғын үй құрылысын дамыту аясында 2018 жылы жеке тұрғын үй құрылысы үшін 40 мыңға жуық жер телімі инженерлік коммуникациямен жабдықталды.
Қорытындылай келе, Қазақстан Президенті қазақстандықтардың тұрғын үй мәселесін шешуге әрдайым баса назар аударатынын атап өткен жөн. Мемлекет басшысының «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Жолдауында жоғары сапалы әлеуметтік қызметтер тұрғын үй жағдайын жақсарту, еліміздің кез-келген елді мекенінде жайлы және қауіпсіз өмір сүру үшін кең мүмкіндіктер туғызумен сабақтасу керектігі айтылды.
Жалпы, Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің мәліметі бойынша, тұрғын үй құрылысы және қаражаттың игерілуі ведомствоның тұрақты бақылауында. Тұрғын үй құрылысы белсенді дамып келеді, бұл өз кезегінде азаматтардың өмір сүру жағдайын айтарлықтай жақсартуға, құрылыс қарқынын өсіруге, сондай-ақ кәсіпкерлік бастамаларды дамытуға ықпал етеді. 2019 жылы қаржыландырудың барлық көздерінен 13 млн м² астам тұрғын үй пайдалануға беріледі деп жоспарлануда. Ал, бұл - 100 мыңнан астам тұрғын үй.

08 қаңтар 2019 ж. 613 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области