Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қарағандыдағы кісі өлімі: ІІМ Гурурянға өз еркімен берілуге кеңес береді (видео)

Қарағандыдағы кісі өлімі: ІІМ Гурурянға өз еркімен берілуге кеңес береді (видео)


Департамент басшысы еліміздің Ішкі істер министрлігі істің объективті әрі жан-жақты тергелетіндігіне кепіл беретіндігін атап өтеді.
Қарағандыдағы кісі өліміне қатысты 8 күдікті тұтқындалды. Бұл туралы ҚР ІІМ Ішкі және сыртқы коммуникациялар департаментінің директоры Алмас Садубаев мәлім етті, деп хабарлайды Закон кз ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
«Бүгінгі күні Қарағандыда бұзақылық әрекет жасап, 23 жастағы жігітті өлтірді деген күдікпен 8 адам ұсталып тұтқындалды және күдіктілердің бірі Гурурянға іздеу жарияланды. Тергеу аясында полиция тобы оның болуы мүмкін жеріне кетті. Күдіктінің берілуге дайын екендігі туралы мәлімдемесі желіге жариялануына байланысты осыдан 2 күн бұрын оның туыстарына қызметкерлеріміздің байланыс деректері берілген болатын. Алайда осы күнге дейін ешкім байланысқа шыққан жоқ», - деді Алмас Садубаев.
Департамент басшысы еліміздің Ішкі істер министрлігі істің объективті әрі жан-жақты тергелетіндігіне кепіл беретіндігін атап өтеді. Сонымен қатар азамат Гурурянға өз еркімен полиция қызметкеріне берілуге кеңес береді.
«Тергеу барысы Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің айрықша бақылауына алынған», - деді ол. Еске салсақ, 1 қаңтар күні Қарағандыдағы «Древний Рим» мейрамханасында болған жанжал кезінде бір жігіт көз жұмған болатын. Билік аталған процестің обьективті және барынша ашық өтетініне уәде берді.

08 қаңтар 2019 ж. 395 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области