Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушысы қалай атануға болады?

Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушысы қалай атануға болады?

«Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымы 2019-2020 оқу жылына оқушылар контингентін қалыптастыру мақсатында Қызылорда қаласындағы химия-биологиялық бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 7-сыныптарында білім алу үшін Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасының «Өркен» білім беру грантын тағайындау жөнінде конкурс жариялайды, деп хабарлайды Kyzylorda-news.kz.
Құжаттарды қабылдау 2018 жылғы 26 қараша мен 2019 жылғы 19 қаңтар аралығында жүргізіледі.
Зияткерлік мектепке түсуге іріктеу конкурсына қатысу үшін үміткер келесі құжаттарды тапсырады:
1) Байқауға қатысу үшін өтініш беру;
2) Сауалнама толтыру;
3) Үміткердің туу туралы куәлігінің көшірмесі, үміткер ЖСН, бар болған жағдайда жеке бас құжатының көшірмесі, заңды өкілінің ЖСН көрсетілген жеке куәлігінің көшірмесі;
4) 086/у медициналық анықтама формасы;
5) Үміткердің тұрғылықты орнынан анықтама;
6) Үміткердің соңғы оқу жылындағы үлгерімі мен тәртібінің, егер үміткер оқу жылын аяқтамаған жағдайда оқуын жалғастыратын болса оқу жылының I жарты жылдығындағы үлгерімі мен тәртібінің табелінің көшірмесі. Талап етілген құжаттар оқитын мектеп басшысының қолымен расталып, тиісті білім ұйымының мөрімен бекітілуі керек (Ескерту: құжаттарды 6 сыныптың 1-ші жарты жылдығы аяқталғанға дейін тапсырсаңыз 5 сыныптың табелі қабылданады, 6 сыныптың 1-ші жарты жылдығы аяқталған соң тапсырсаңыз 6 сыныптың 1-ші жарты жылдық табелі қабылданады);
Білім беру деңгейі мен оқу бағдарламасының айырмашылығы салдарынан Қазақстан Республикасының білім мекемелерінің сыныптарынан өзгеше болатын шетелдік білім беру мекемелері мен халықаралық мектептердің оқушыларынан басқа жалпы орта мектептің 7-9 және 11 сыныптарын толық аяқтаған үміткерлердің Зияткерлік мектептердің осы сыныптарында қайта білім алуға үміттенуіне құқықтары жоқ.
6-1) Оқу бағдарламасы және бағалау шкалалары Қазақстан Республикасының білім беру ұйымдарының оқу бағдарламары мен бағалау шкалаларынан ерекшеленетін шетелдік білім беру ұйымдарында немесе халықаралық мектептерде оқитын үміткерлер оқитын мектебінен бағдарламаның мазмұны мен бағалау шкалаларын түсіндіретін ресми хаттар оқу үлгерімі табеліне (бағалау транскрипті) қоса тіркеледі.
7) Үміткердің 3х4 фотосы – 2 дана.
Көрсетілген барлық құжаттар пластикалық тезтікпеге салынады.
Құжаттарды қабылдамауға негіз болып табыла алады:
- Байқауға іріктеуге қатысуға белгіленген мерзімінен өтінішті кешіктіріп берген жағдайда
- Көрсетілген құжаттардан басқа құжаттары
Құжаттарды қабылдау 2018 жылғы 26 қараша мен 2019 жылғы 19 қаңтар аралығында төмендегі мекен-жай бойынша жүргізіледі: Қызылорда қ., Сұлтан Бейбарыс к. 6, тел.: 8 (7242) 55-11-51.
Тестілеу 2019 жылғы 2-3 наурыз күндері өтеді. Толық ақпаратты www.nis.edu.kz веб-сайтының «Үміткерлерге» бөлімінен алуға болады.



10 қаңтар 2019 ж. 561 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области