Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » ҚАРМАҚШЫДА ЧЕМПИОНДАР КӨБЕЙДІ

ҚАРМАҚШЫДА ЧЕМПИОНДАР КӨБЕЙДІ


    Қармақшы ауданында тұрғындарды бұқаралық спортқа тарту бағытында  бірқатар жұмыстар атқарылуда. Есепті мерзімде 117 спорттық іс-шаралар өткізіліп, оған 9867 спортшы қатысты.
    Аудан әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлағандай, жыл басынан бері аудандық мектеп оқушылары арасында «Көңілді старт» жарысы, интернационалист-жауынгерлер Ә.Өміров, Н.Айсауытов, Р.Доспанов және А.Жыңғылбаевтарды еске алу спартакиадалары, мемлекеттік қызметкерлер күніне орай жергілікті атқарушы органдар өкілдері арасында сайыстар өткен.
    Жыл көлемінде аудан спортшылары спорт түрлерінен жасөспірімдер, жастар және ересектер арасындағы Қазақстан Республикасының чемпионаттары мен кубоктарында 15 алтын,   22 күміс, 21 қола медаль иеленсе, Азия чемпионатында 1қола және әлем кубогында 1 алтын медаль иегері атанды.
    Үстіміздегі жылы Ғалымжан Әбдірахманов самбо күресінен Азия чемпионатының қола жүлдегері және Астана қаласында Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың жүлдесі үшін өткен әлем кубогының жеңімпазы атанып «Қазақстан Республикасының Халықаралық дәрежедегі спорт шебері» деген атаққа қол жеткізіп отыр.
    Астана қаласында Елбасы жүлдесі үшін қазақ күресінен «Қазақстан Барысы» республикалық турнирінде жерлесіміз Еламан Ерғалиев кіл мықтылар айқасында жеңімпаз атанып, Сыр өңірінің абыройын асқақтатқаны белгілі.
    Осы жылы Төретам кентінің денешынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысын бастауға облыстық бюджеттен 100 млн.теңге қаржы бөлінді.  

22 қараша 2017 ж. 667 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области