Қасым-Жомарт Тоқаев өзімен аттас қызылордалық бүлдіршінді туған күнімен құттықтады
Парламент Сенатының төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев өзімен аттас қызылордалық бүлдіршінді туған күнімен құттықтады. Мемлекет қайраткерінің сый-сияпатын «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалы төрағасының орынбасары Ержан Байтілес табыс етті, деп хабарлайды Kyzylorda-news.kz «Сыр бойы» басылымына сілтеме жасап.
Аймақ медицинасының ардагері Үсен Мақажанұлы былтыр дүниеге келген он бірінші немересінің есімін саясат саласындағы салмақты тұлғаның құрметіне орай Қасым-Жомарт деп қойған болатын. Бір жасқа толған туған күнінде балақай ағасының құттықтауын қабыл алды.
– Ержан Айтөреұлы шаңырағыма келіп, сенатордың сәлемдемесін жеткізіп, қуанышымызға ортақтасты. Сол үшін де алғыс білдіремін. Қай ата-ананың да бар байлығы – балалары. Немереміздің Қасым-Жомарт ағасы секілді еліне адал қызмет етер азамат болып өсуіне тілектеспіз, – дейді Үсен Мақажанұлы.