Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қызылордалық дөрекі полицейлер жазаланды

Қызылордалық дөрекі полицейлер жазаланды

Қызылорда облысы Арал ауданында қызметтік міндетін атқару барысында жолаушыларға дөрекі мінез көрсеткен жергілікті полиция қызметкерлері тиісті жазаға тартылды.

Оқиға өткен жылдың желтоқсан айында Қызылорда облысы Арал ауданына қарасты «Арал-шеп» бекетінде болған. Полиция қызметкерлері көлікті негізсіз тоқтатып, жолаушыларға дөрекі мінез көрсеткен. Ол туралы әлеуметтік желіде бейнежазба жарияланды.
Бұл оқиғаға байланысты Қызылорда облыстық полиция департаменті қызметтік тергеу жүргізілгенін хабарлады.
«Болған оқиға бойынша қызметтік тергеу жүргізілді. Нәтижесінде 1 қызметкер атқарып отырған лауазымынан босатылды. Ал тағы 2 қызметкер қызметіне толық сай еместігі анықталып, олар тәртіптік жазаға тартылды», - деп жазылған Қызылорда облыстық полиция департаменті таратқан хабарламада.


11 қаңтар 2019 ж. 477 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области