Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қонаевтың есімі - халықтың жүрегінде

Қонаевтың есімі - халықтың жүрегінде

12 қаңтар – ұлт тұлғасы, қоғам қайраткері, Қазақстанның гүлденуі мен өркендеуіне үлес қосқан Дінмұхамед Қонаевтың туған күні.


Қазақтың біртуар азаматы, елу жыл ел басқарған, ұлы тұлға Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевтың есімі халқымыздың жүрегінде мәңгі сақталады. Өйткені ол қазақ үшін, Қазақстан үшін айрықша еңбек етті. Димаш ата елін сүйді. Туған жерге қызмет етті.
«Кешегі кеңес заманында Қазақстанды басқарған Дінмұхамед Қонаев 1992 жылдың 11 қазанында Түркияда Стамбул қаласында болды. Ол кезде шетелде акредитацияға тіркелген тұңғыш қазақ журналисі Қазақ телевизиясы мен радиосының Түркиядағы тілшісі қызметінде жұмысты бастаған едім. Сондағы жергілікті қазақ диаспорасы өкілдерімен кездесуін өткізуге себепкер болып, ұйымдастыруына тікелей атсалыстым. Сол ағайындармен кездесуде Димаш аға: «Енді тәуелсіз ел болдық, әрине Алланың қолдауымен, ата-жұртқа, Қазақстанға, елге қайтыңдар, бір шаңырақтың астында бірге боламыз, сонда ғана тәуелсіздігіміз баянды болады», – деп тебірене сөйлеген еді.
Менде Дінмұхамед Қонаевпен бірге болған кездерімді, сұхбат алған сәттерімді үлкен бақытқа теңеймін. Өйткені, алып жүректі азамат бүгінде елдің бағына айналған Елбасы Н.Назарбаевтай тұлғаларды тәрбиелеген ұлы Қазақ. Қонаевтың аты мәңгі өшпейді», - дейді Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Ержан Уайс.



12 қаңтар 2019 ж. 640 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
2425262728 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области