13 қаңтар: атаулы күндер мен оқиғалар
1993 жылы «Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасы туралы» Заң қабылданды.
1934 жылы Алматыда Қазақ музыкалық драма театры (қазіргі Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық институты атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театры) құрылды. Театр сахнасында ең бірінші М.Әуезовтің «Айман-Шолпан» спектаклі мен Б.Майлиннің «Шұға» драмасы қойылды.
1999 жылы Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Тарих толқынында» кітабы «Атамұра» баспасынан қазақ және орыс тілдерінде жарық көрді.
2007 жылы Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев «Қазақстан Республикасының мемлекеттiк басқару жүйесін жаңарту шаралары туралы» Жарлыққа қол қойды.
2010 жылы Венада Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстан жолы» кітабы неміс тілінде жарық көрді.
2012 жылы Қостанайда жаңа мәдениет ошағы ашылды - Ілияс Омаров атындағы қазақ драма театры алғашқы тың игерушілер алаңында, Халық банкінің маңында орналасқан жаңа, үлкен және заманауи ғимаратқа көшті.
2015 жылы Абай атындағы мемлекеттік академиялық опера және балет театры барлық қойылымдарының билеттерін «Тикетон» автоматтандырылған жүйесі арқылы сата бастады.